Little Doctor LD3 [33/36] Көмкермені дайындау

Little Doctor LD3 [33/36] Көмкермені дайындау
33
KAZ
əртүрлі факторларға тəуелділігі əр адамда əрқалай болады. Сондықтан
күретамырдың қан қысымы көрсеткіштерінің арнайы күнделігін жүргізген
дұрыс. ТЕК ДИПЛОМЫ БАР ДƏРІГЕР ҒАНА СІЗДІҢ КҮРЕТАМЫРЫҢЫЗДЫҢ
ҚАН ҚЫСЫМЫ ӨЗГЕРІСІН КҮНДЕЛІКТЕН АЛЫНҒАН ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ
АНЫҚТАЙ АЛАДЫ.
ӨЛШЕУ КЕЗІНДЕГІ ДЕНЕНІ ҰСТАУ ҚАЛПЫ
1. Күретамырдың қан қысымын өлшеген кезде столдың жанына Сіздің
қолыңыз оның бетінде жататындай болып отырыңыз. Білегіңіздегі
көмкерме оралған жердің жүрек тұсы деңгейінде, ал білегіңіздің столда
бос жатқанына жəне қозғалып кетпейтіндігіне көз жеткізіңіз.
2. Сіз қан қысымын шалқаңыздан жатып та өлшей аласыз. Төбеге қарап,
тыныштық сақтаңыз жəне өлшеу кезінде қозғалмаңыз. Білегіңіздегі
көмкерме оралған жердің жүрек
тұсы деңгейінде екендігіне міндетті түрде
көз жеткізіңіз.
КӨМКЕРМЕНІ ДАЙЫНДАУ
1. Көмкерменің металл шығыршығынан ұстап, шамамен 5 см-дей тартып
шығарыңыз.
2. Көмкермені түтікшесі алақан жағына қарайтындай етіп сол жақ білегіңізге
кигізіңіз. Егер сол жақ білектен өлшеу қиындық тудырса, оң білектен өлшеуге
де болады. Ондай жағдайда көрсеткіштердің 5-10 мм сынап бағанасындай
айырмашылығы болуы мүмкін екендігін есте ұстаған жөн.
3. Көмкермені білегіңізге оның төменгі жиегі шынтақтың бүгілетін
жерінен 2-3
см-дей жоғары болатындай етіп ораңыз. «ARTERY» жазуы бар белгі қолдың
күретамырының үстінен келу керек.
4. Көмкермені білекті тым қатты қыспайтындай, жабыса қымтайтындай
етіп түймелеңіз. Көмкерме тым қысып тұрса да немесе тым бос оралса да
көрсеткіштер дұрыс болмауы мүмкін.
5. Түймеленген көмкермедегі «INDEX» белгісі “NORMAL (25-36 см)” жақты көрсетіп
тұруға тиіс. Бұл көмкерменің дұрыс таңдап алынғандығын
жəне білек жуандығы
көлеміне дəл келетіндігін көрсетеді. Егер белгі «+<» белгісіне қарай немесе солға
таман көрсетсе, онда көмкерме тар жəне көрсеткіштер артық болады дегенді
білдіреді. Ал егер белгі «->» белгісіне қарай немесе оңға таман көрсетсе, онда
көмкерме кең жəне көрсеткіштер төмен болады дегенді білдіреді.
6. Егер білек толық жəне конус тəріздес болса, көмкермені суретте
көрсетілгендегідей шиыршықтай ораған дұрыс.
7. Егер Сіз киіміңіздің жеңін түріп алсаңыз жəне сөйтіп, қанның дұрыс жүруіне
кедергі келтірсеңіз, аспаптың көрсеткіші Сіздің күретамырыңыздың қан қысымына
сəйкес келмеуі мүмкін.

Содержание

Скачать