Little Doctor LD3 [34/36] Кепілдемелік міндеттемелер

Little Doctor LD3 [34/36] Кепілдемелік міндеттемелер
34
KAZ
КҮТУ, САҚТАУ, ЖӨНДЕУ ЖƏНЕ ӨТЕЛГЕ ШЫҒАРУ
1. Бұл аспапты жоғары ылғалдылықтан, тікелей түсетін күн сəулесінен,
соққылардан, дірілден сақтау керек. АСПАП СУ ӨТКІЗБЕЙТІН БОЛЫП
ТАБЫЛМАЙДЫ!
2. Аспапты жылытқыш аспаптар мен ашық отқа тым жақын жерде
сақтамаңыз.
3. Егер аспап ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, ішіндегі қуаттау
элементтерін бөлек алып қойыңыз. Өйткені, қуаттау элементтерінен сұйық
ақса, аспапты зақымдайды. ҚУАТТАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛЫ
ЖЕТПЕЙТІН
ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ!
4. Аспапты кірлетпей ұстаңыз, оны шаңнан қорғаңыз. Аспапты тазалау үшін
құрғақ жұмсақ матаны пайдаланыңыз.
5. Аспаптың жəне оның бөлшектерінің сумен, ерітінділермен, спиртпен, бен-
зинмен жанасуына жол бермеңіз.
6. Көмкермені өткір бұйымдардан аулақ ұстаңыз, сондай-ақ көмкермені
созуға жəне сығуға болмайды.
7. Аспапты қатты соққылардан сақтаңыз жəне оны лақтырмаңыз.
8. Қажет
болғанда аспапты тек мамандандырылған ұйымдарда ғана
жөндетіңіз.
9. Белгіленген қызмет мерзімі бітерде аспаптың техникалық жағдайын
тексерту үшін оны ауық-ауық мамандарға (мамандандырылған жөндеу
ұйымдары) көрсетіп тұру қажет.
10. Өтелге шығарған кезде сол уақытта Сіздің өңірде қолданыста болған
ережелерді басшылыққа алыңыз. Өндіруші бұл аспапты өтелге шығарудың
арнайы шарттарын белгілемеген.
11. Көмкерме көп рет санит
арлық зарарсыздандыруға төзімді. Көмкерменің
матамен жабындалған ішкі жағын (тексерілушінің білегіне оралатын)
сутек асқын тотығының 3%-дық ерітіндісіне шыланған мақта анжымен
зарарсыздандыруға рұқсат етіледі. Ұзақ пайдаланған кезде көмкерменің
мата жабынының түссізденуі мүмкін. Көмкермені жууға, сондай-ақ ыстық
үтікпен зарарсыздандыруға болмайды.
КЕПІЛДЕМЕЛІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. Бұл аспапқа сатылған күннен бастап 36 ай кепілдемелік мерзім
белгіленген. Көмкерменің кепілдемелік мерзімі сатылған күннен бастап
12 айды құрайды.
2. Кепілдемелік міндеттемелер аспап тұтынушыға сатылған сəтте
кепілдемелік талонмен ресімделеді.
3. Кепілдемелік қызмет көрсету ұйымдарының мекенжайлары кепілдемелік
талонда көрсетілген.

Содержание

Скачать