Philips GC8260 [79/202] Электромагниттік өрістер эмө

Philips GC8260 [79/202] Электромагниттік өрістер эмө

- Құрылғыны қоспастан бұрын үтіктің параметрлері жазылған
жапсырмада көрсетілген кернеу жергілікті электр желісінің
кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
- Егер ашасында, ток сымында, бу беру шлангісінде немесе
құрылғының өзінде көзге көрінетін зақым болса, құрылғы жерге
түсіп кетсе немесе су тамшылап тұрса, оны қолданбаңыз.
- Егер ток сымы немесе бу беру шлангісі зақымдалған болса, қауіптің
алдын алу үшін оны Philips компаниясы, Philips компаниясы ұсынған
қызмет көрсету орталығы немесе білікті мамандар сізге ауыстырып
беруі керек.
- Құрал қуат көзіне қосылып тұрса, оны бақылаусыз қалдырып
кетпеңіз.
- Физикалық мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен
тәжірибесі аз адамдар (балаларды қоса) бұл құралды олардың
қауіпсіздігіне жауап беретін адамның қадағалауымен немесе
құралды қалай пайдалану жөнінде нұсқау берілген жағдайда ғана
қолдануына болады.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
- Ток сымын және бу беру шлангісін үтіктің ыстық табанына
тигізбеңіз.
- Егер құрал қызған сайын, Calc-Clean жүйесі қақпағының астынан бу
шығып жатса, міндетті түрде құралды өшіріп, қақпақты нығыздап
жабыңыз. Егер бу шығуын тоқтатпаса, құралды өшіріп, Philips
компаниясы ұсынған қызмет орталығына хабарласыңыз.
- Бу генераторы ысып тұрғанда Calc-Clean жүйесінің қақпағын алуға
болмайды.
- Құралмен бірге жабдықталған Calc-Clean жүйесі қақпағынан басқа
қақпақты бу генераторына қолдануға болмайды, себебі бұл қақпақ
қауіпсіздік қақпағы ретінде де қызмет атқарады.

- Құрылғыны тек жерге тұйықталған розеткаға ғана қосыңыз.
- Ток сымы мен бу беру шлангісінің зақымдалмағанын жиі тексеріп
тұрыңыз.
- Әрдайым үтікті және бу шығарушыны тұрақты, тегіс және көлбеу
бетке қойып, қолданыңыз.
- Үтіктің табаны өте ыстық болады, байқамай тиіп кетсеңіз, теріңіз
күйіп қалуы мүмкін.
- Үтіктеп болғаннан кейін, оны тазалап, су ыдысын толтырып немесе
босатып жатқанда, сондай-ақ, үтікті тіпті аз уақытқа тастап кетіп
бара жатқанда: үтікті түпқоймаға салып, ток сымын қабырғадағы
розеткадан суырып тастаңыз.
- Бу генераторын «Тазалау және күту» тарауындағы нұсқауға сәйкес
жиі шайып тұрыңыз.
- Бұл құрылғы тек үйде қолдануға арналған.

Philips компаниясы шығарған бұл құралы электромагниттік өрістерге
(ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданылса, қазіргі
кезде белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану
қауіпсіз деуге болады.
 79

Содержание