Philips GC8260 [82/202] Бумен үтіктеу

Philips GC8260 [82/202] Бумен үтіктеу
полиестерге ( 1) арналған температура бойынша және бусыз
үтіктеу керек.
- Заттарды үтіктей бастағанда, алдымен төмен температурада
үтіктейтін заттардан бастаңыз, мысалы: синтетикалық маталардан.
- Егер үтіктеп жатқанда төменірек температураға қойсаңыз, үтіктеуді
жалғастырмас бұрын үтіктің көрсетілген температураға дейін
суығанын күтіңіз. Үтік тезірек суу үшін, бу шығару тетігін басыңыз
немесе бір матаны үтіктеңіз.


Ұзақ уақыт бойы үтіктеп тұрғанда бу беру шлангісі ысып кетуі мүмкін.
Ескертпе: Бумен үтіктеп жатқанда жүйе анда-санда ауаны сорған
дыбыс шығаруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай: бу генераторына судың
сорылып жатқандығын білдіреді.
1 Су ыдысында жеткілікті мөлшерде су бар екенін тексеріңіз.
2 Құрал тоққа қосулы екендігін және қосу\өшіру түймесі арқылы
қосылғандығын тексеріңіз («Қолдануға дайындық» тармағын
қараңыз).
3 Қажетті үтіктеу температурасын орнатыңыз («Қолдануға
дайындау» тарауын қараңыз).
Бумен үтіктеу тек үтіктеу температурасы 2 жоғарырақ болғанда ғана
мүмкін.
4 Тек GC8325/GC8320/GC8261/GC8260/GC8225/GC8220
түрлерінде ғана: бу генераторының басқару панеліндегі + және
– түймелері арқылы қажетті бу параметрін орнатыңыз.
p көп бу шығару үшін (температура бағдарламасы МАХ).
[ орташа бу шығару үшін (температура бағдарламасы 3 МАХ).
] аз бу шығару үшін (температура бағдарламасы 2 МАХ).
a бусыз үтіктеу үшін (температура бағдарламасы 1 МАХ).
, Бу шығару шамы жыпылықтап, бу генераторының
қызып жатқандығын білдіреді.
, Шамамен 2 минут өткесін, бу шығару шамы үздіксіз жанып, бу
генераторының бумен үтіктеуге дайын екендігін білдіреді.
Ескертпе: Үтіктеп жатқанлда, + және – бу реттеу түймелері арқылы
бу бағдарламасын реттей аласыз. Аз уақыт ішінде шығарылатын бу
мөлшері реттеледі.
5 Бумен үтіктеу үшін бу шығару тетігін басыңыз.
Үтіктеп болғаннан кейін, үтікті қойғыңыз келсе, оны тігінен немесе үтік
түпқоймасына қойыңыз.
, Бу генераторындағы бу шығару қақпағын ашып-жапқан кезде,
«сырт» еткен дыбыс шығарады. Бұл қалыпты жағдай.

Бу шығару бекітпесі буды шығару тетігін қайта-қайта баспай-ақ,
тоқтамастан бумен үтіктеу мүмкіндігін береді.
82

Содержание