Philips GC6320 [58/136] Тазалау және күту

Philips GC6320 [58/136] Тазалау және күту


Үтікті тазалар алдында құралды жеткілікті түрде суытып алыңыз.
Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды, және оны ағын судың астында
шаюға болмайды.
1 Құралды дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
2 Үтіктің астыңғы табанындағы қоқыстарды немесе басқа қосындыларды дымқыл
шүберекпен және қырмайтын (сұйық) тазалауышпен сүртіп алыңыз.

Бу багының қақпағын алар алдында, құралды жеткілікті түрде суытып алыңыз.
Бу сыйымдылығын айына бір рет, немесе құралды шамамен 10 рет қолданғаннан соң сумен
шайыңыз.
1 Бу сыйымдылығының қақпағын абайлап алыңыз (Cурет 2).
2 Бу багын шамамен 500 мл қунақы сумен шайып жіберіңіз. Содан соң бу багын раковина
үстінен төңкеріп, суды ағызып жіберіңіз (Cурет 12).
3 Бу сыйымдылығына қақпағын қайтадан бұрап қойыңыз.

Құралды алып қояр алдында ол жеткілікті түрде суыған екендігін тексеріп алыңыз.
1 Тоқ сымын қабырғадағы розеткадан суырып, құралды суытыңыз.
2 Бу сыйымдылығын босатыңыз.
3 Тоқ сымы мен шлангінің зақымдалмағандығын әрдайым тексеріп отырыңыз.

Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға
болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу
мақсатына өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға себіңізді тигізесіз (Cурет 13).

Егер сізге ақпарат керек болса, немесе сізде бірде бір мәселе болса, Philips’тің интернет
бетіндегі www.philips.com веб-сайтына келіңіз, немесе өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар
Орталығына телефон шалсаңыз болады (оның нөмірін сіз дүние жүзі бойынша берілетін
кепілдік кітапшасынан табасыз). Сіздің еліңізде Тұтынушылар Қамқорлық Орталығы жоқ болған
жағдайда өзіңіздің жергілікті Philips дилеріне арызданыңыз немесе Philips’тің Үйге арналған
құралдар қызмет департаменті және Жеке Қамқор BV бөліміне арзызданыңыз.

Бұл тармақ сіздің үтігіңізде болуы мүмкін. Кеңінен кездесетін мәселелерді атап өтеді. Егер сіз
мәселеріңізді шеше алмасаңыз, өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына телефон
шалсаңыз болады.
,
58

Содержание

Скачать