Little Doctor LD-212C [29/40] Жалпы мəліметтер

Little Doctor LD-212C [29/40] Жалпы мəліметтер
KAZ
29
НЕБУЛАЙЗЕРЛІ ТЕРАПИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Небулайзер дегенімізаэрозоль құрайтын жəне оны тозаңдата бүркуге арналған
құрылғы. “Небулайзерсөзі латынның «nebula» (тұман, бұлт) деген сөзінен шыққан
жəне сұйық затты медициналық мақсаттарға арналған аэрозольға айналдыратын
құрылғыны солай атау үшін 1874 жылы бірінші рет қолданылды. Алғашқы ықшам «аэро-
золь аппараттарының» бірі 1859 жылы J. Sаlеs–Girons Парижде жасалды. Алғашқы
небулайзерлер бу қарқынының қуат көзі ретінде пайдаланылды жəне
туберкулезбен
ауыратын адамдарды шайыр мен антисептик дəрі-дəрмектер буларымен ингаляциялау
үшін қолданылды. Қазіргі кезде «небулайзер» атауының орнына «ингалятор» атауы жиі
қолданылады.
Небулайзерлі терапияның мақсаты аэрозоль түріндегі препараттың терапевтикалық бір
рет пайдаланатын мөлшерін қысқа уақыт ішінде тыныс жолдарына бүрку болып табы-
лады. Аэрозольды үздіксіз бүркіп тұру бірнеше минут ішінде жоғарғы жəне төменгі тыныс
жолдары мен
өкпеде дəрілік заттардың жинақталуына мүмкіндік береді жəне ондайда
жанама өзгерістердің ықтималдығы төмен болады. Тиісінше тиімді бронходилатацияға,
(яғни, кеңірдекше тарамдарының кеңеюіне) мүмкіндік туады, сырқатты ауруханаға
жатқызу қажеттілігі болмайды немесе жатып емделу мерзімі қысқарады.
Little Doctor Internatiоnаl (S) Pte. Ltd. компаниясы ерекше өзгешелігі ингаляциялық
ерітінділердің көптеген түрін пайдалау мүмкіндігі, дəрі-дəрмектік препараттың қалдық
көлемі өте аз жəне пайдаланылуы тым қарапайым болып табылатын LD-212C үлгідегі
ингаляторды пайдаланып қалуды ұсынады. Сіздің осы құралды таңдап алғаныңыз үшін
ризашылығымызды білдіреміз!
ЖАЛПЫ МƏЛІМЕТТЕР
LD-212C компрессорлы ингаляторы тыныс жолдары мен өкпе ауруларын дəрі-дəрмек
препараттарының ерітінділері аэрозольдарымен емдеу мекемелерінде жəне үй
жағдайында емдеуге арналған.
Бұл басшылық құжат LD-212C үлгісіндегі ингаляторды қауіпсіз де тиімді пайдалануға
көмек көрсетуге арналған.
Аспап осы басшылық құжатта жазылған ережелерге сəйкес пайдаланылуға тиіс жəне
осында жазылғандардан басқа мақсаттарға қолданылмауға тиіс. Басшылық құжатты
түгелдей түсініп оқып шыққан дұрыс.
Жұмыс істеуге дайын аспап ауа компрессорынан жəне небулайзерден (аэрозоль
құралатын камерадан) тұрады. Ауа компрессоры, қуат көзін қосу/ажырату жəне ауа
сүзгісі бір қораптың ішінде біріктірілген. Сығылған ауа ауа компрессорынан түтікше
арқылы небулайзерге беріледі де сол жерде аэрозоль құралады. Компрессорды
салқындату үшін аспаптың қорабына ауа өз бетімен беріліп тұрады.

Содержание