Little Doctor LD-212C [33/40] Дем алумен белсендірілетін небулайзер

Little Doctor LD-212C [33/40] Дем алумен белсендірілетін небулайзер
KAZ
33
Ингаляция жүргізу
Бір емдік сеансты жүргізудің ұзақтығы əдетте 20 минуттан аспауға тиіс. Ингаляциялау
ем-шарасының қаншалықты ұзақ болатындығы жайында емдеуші дəрігеріңізбен кеңесіңіз.
Ингаляциялау кезінде тынышталып, денені бос ұстаңыз. Препарат өкпені жақсылап толты-
рып, кеңірдекше тарамдарының терең бөліктеріне дейін жетуі үшін тыныс алу баяу жəне
терең болуға тиіс.
Демді ішке тартып, аз уақыт дем алмаңыз да содан соң баяу шығарыңыз. Өте тез дем
алмауға тырысыңыз. Егер оның қажеттігін сезінсеңіз, үзілістер жасаңыз.
Дем алумен белсендірілетін небулайзер.
Небулайзердің белгілі бір үлгімен біріктірілген камералар түріндегі
арнайы конструкциясы демді ішке тартқанда жəне сыртқа
шығарғанда ауа ағымының əртүрлі жолдарын анықтайды.
Бұл демді ішке тартқанда неғұрлым аэрозоль концентраци-
ясы көбірек ауа ағымын жұтуға, ал демді сыртқа шығарғанда
аэрозоль шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Дем алумен
белсендірілетін небулайзерді пайдаланғанда ингаляция
тиімділігі едəуір артады.
Ингаляцияны аяқтау
Ингаляциялық ерітінді біткеннен кейін немесе ингаляциялаудың дəрігер белгілеген уақыты
аяқталғаннан кейін электр қуатының тумблерінОжағдайына қарай бұрып, аспапты
өшіріңіз жəне қуат көзі кəбілін электр жүйесінен суырып алыңыз.
Ингаляция жүргізу аяқталғаннан кейін қабылдаған ем-шара тиімді болу үшін аз уақыт таза
ауамен дем алыңыз.
Аспап əр пайдаланылғаннан кейін оның ішінде қалған препарат сарқыны жуылып таста-
луы керек. Аспапты «Күтім, сақтау, жөндеу жəне өтелге шығару» бөлімінің 1 тармағында
жазылғандай тазалап, жуыңыз.

Содержание