Little Doctor LD-212C [31/40] Пайдалану тəртібі

Little Doctor LD-212C [31/40] Пайдалану тəртібі
KAZ
31
ПАЙДАЛАНУ ТƏРТІБІ
Аспапты ингаляцияға дайындау.
ҚАЖЕТ: Аспапты бірінші рет пайдаланар алдында «Күтім, сақтау,
жөндеу жəне өтелге шығару» тарауының 1 тармағында жазылғандай
оны толық тазалаудан өткізу қажет.
1. Ингаляторды стол үстіне алдыңызға қойыңыз. Құлыпты «ON» қалпына
қарай бұрып, сығымдағыштың қақпағын ашыңыз. Аспаптың желіден
ажыратылғандығына (қуаттау тумблері «О» қалпында тұрады), ал
қуаттау кəбілінің электр желісіне жалғанбағандығына көз жеткізіңіз.
2. С
ағат тіліне қарсы бұрап, небулайзердің жоғарғы бөлігін шешіп
алыңыз (1 сурет).
3. Қажетті бүріккішті орнатыңыз.
Завод жиынтығындағы небулайзер ішіне бүкіл тыныс алу жолына əсері
үлкен көк түсті «В» бүріккіші орнатылған.
Дəрілік құралдардың жоғарғы тыныс жолдарына əсері күштірек болу
үшін көк бүріккіштің орнына қызыл түсті «С» бүріккішін орнатыңыз.
Дəрі-дəрмектердің төменгі тыныс жолдарына əсері неғұрлым жақсырарқ
болу үшін екі бөліктен тұратын сары түсті «А» бүріккішін орнатыңыз.
(2-
сурет).
4. Небулайзердің төменгі бөлігіне ингаляциялық ерітінді құйыңыз. Оның
мөлшері Сіздің дəрігеріңіз ұсынғаннан аспауға тиіс. Небулайзердегі
ерітінді мөлшері корпустағы белгімен анықталады. Ыдыстың ең жоғарғы
сыйымдылығы – 10 мл.
5. Сағат тіліне қарай қатайғанша бұрап, небулайзердің жоғарғы бөлігін бекітіңіз.
6. Небулайзердің жоғарғы бөлігіндегі ұяшыққа ингаляцияға
арналған мүштікті жалғаңыз (3 сурет). Ингаляция түріне қарай
мүштікті немесе мұрынға арналған қондырманы, я болмаса
тұмылдырықты пайдаланыңыз.
Ингаляцияға арналған тұмылдырықты пайдаланған кезде
жалғастырғышты пайдаланудың қажеті жоқтұмылдырық
тікелей небулайзердің жоғарғы бөлігіне жалғанады.
Небулайзерді тік күйінде ұстаңыз немесе бұрыштық
ұста
тқыштың көмегімен аспаптың корпусына жалғаңыз.
ҚАЖЕТ: Əр емделушінің жеке мүштігін, мұрынға арналған
қондырмасын, я болмаса тұмылдырығын пайдаланғаны дұрыс.
7. Электрмен қуаттау бауын сақтауға арналған бөлікті ашыңыз.
Сур. 3
Сур. 2
Сур. 1

Содержание