Candy FCP502N [14/25] Қауіпсіздік жөніндегі нұсқау

Candy FCP502N [14/25] Қауіпсіздік жөніндегі нұсқау
Пісіру кезінде пеш қуысында немесе есік шынысында
конденсация суы жиналуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Осы
əсерді азайту үшін, тағамды пешке салу алдында қуатты
қосқаннан кейін 10-15 минут күтіңіз. Дегенмен, пеш пісіру
температурасына жеткен кезде конденсация жойылады.
Көкөністерді ашық наудан гөрі қақпағы бар контейнерде пісіріңіз.
15-20 минуттан аса уақыт пісіргеннен кейін пеш ішінде тағамды
қалдыруға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы жəне оның қол тиетін жерлері пайдалану
барысында қызады. Ыстық бөліктерін түртпеңіз.
ЕСКЕРТУ: тор қолданылып жатқанда, қолжетімді бөліктер ыстық
болуы мүмкін. Балаларды қауіпсіз жерде ұстау керек.
ЕСКЕРТУ: электр тоғының соғу жағдайын болдырмас үшін
шамды ауыстыру алдында құрылғыны өшіріңіз.
ЕСКЕРТУ: термиялық үзіліс құрылғысын кездейсоқ қайта
орнатудан болған қауіпті болдырмау үшін, құрылғыны таймер
сияқты сыртқы ауыстыру құрылғысымен қуаттамау керек немесе
жүйелі қосылып өшетін тізбекке жалғамау керек.
• 8 жастан кіші балалар құрылғыдан қауіпсіз қашықтықта ұсталуы
керек (үздіксіз бақылауда болмаса).
Балалар құрылғымен ойнамауы керек.
8 немесе одан үлкен жастағы балалар, сезім немесе ақыл-ой
қабілеті шектеулі адамдар не білімі немесе тəжірибесі жоқ
адамдар бұл құрылғыны бақылаумен немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауы берілген жағдайда ғана ықтимал қауіптер
ескерілген қауіпсіз жолмен пайдалана алады.
Тазалау жəне техникалық қызмет көрсету бақылаусыз
балалармен орындалмауы керек.
Пеш есігінің шыныларын тазалау үшін қатты немесе абразивті
материалдарды не үшкір металл қырғыштарды пайдалануға
болмайды, себебі олар бетті сызып, шыныны сындыруы мүмкін.
Алынбалы бөліктерін алу алдында пешті өшіру керек. Тазалаған
соң, оларды нұсқауларға сəйкес қайта жинақтаңыз.
Осы пешке ұсынылған ет датчигін ғана пайдаланыңыз.
Тазалау жұмыстары үшін бумен тазалау құралын
пайдаланбаңыз.
Жапсырмадағы кернеуді, токты жəне жүктемені көтере алатын
жəне жерге тұйықталған кабельге ашаны қосыңыз. Ұяшық
жапсырмада көрсетілген жүктемеге үйлесімді болуы керек əрі
жерге тұйықталған контактісі болуы жəне жұмыс істеп тұруы тиіс.
Жерге тұйықтау өткізгішінің түсі сары-жасыл болады. Бұл
жұмысты білікті кəсіби маман ғана орындауы керек. Ұяшық пен
Қауіпсіздік жөніндегі нұсқау
KZ 13

Содержание

Скачать