Candy FCP502N [17/25] Жалпы нұсқаулықтар

Candy FCP502N [17/25] Жалпы нұсқаулықтар
1. Жалпы нұсқаулықтар
Біздің өнімімізді таңдағаныңыз үшіналғыс
білдіреміз. Пешіңізді пайдаланған кезде барынша
тиімділікке қол жеткізу үшін сізге осы нұсқауды
мұқият оқып шығып жəне болашақта пайдалану
үшін ыңғайлы жерде сақтауға кеңес береміз.
Пешті орнатудың алдында, жөндеудің қажеттігі
пайда болған жағдайда клиенттерге қолдау
көрсету қызметіне хабарлау үшін, оның сериялық
нөмірін жазып алыңыз. Пештен ораған
материалын алғаннан кейін, онда тасымалдаған
кезде пайда болған бүлінген жерлерінің жоқ
екеніне көз жеткізіңіз. Күмəн пайда болған
жағдайда пешті пайдалануды тоқтатып жəне білікті техникалық маманнан кеңес сұраңыз.
Барлық орама материалды (пластикалық пакеттер, полистирол, шегелер) балалардың қол
жетпейтін жерде сақтаңыз. Пешті алғаш қосқан кезде сіз пештің маңайындағы оқшаулағыш
панельдердегі желімді жабындардың қызуынан пайда болған түтіндеуді байқауыңыз мүмкін.
Бұл қалыпты құбылыс, жəне бұндай жағдайда пештің ішіне тамақ өнімдерін салмас бұрын сіз
духовка шкафын қатты қыздырып жəне түтін тарағанша күтуіңіз керек. Өндіруші осы құжатта
мазмұндалған нұсқаулықтар сақталмаған жағдайда жауапкершілік атқармайды.
ЕСКЕРТПЕ. Пештің қызметі, сапасы жəне қосымша жабдығы сіздің сатып алған пешіңіздің үлігісіне
қарай бірін-бірінен өзгеше болуы мүмкін.
1.1 Қауіпсіздік жөніндегі нұсқау
Пешті тек тікелей мақсаты бойынша ғана, яғни тек тамақты дайындау үшін ғана
пайдаланыңыз; кез келген басқа мақсатқа, мысалы жылу көзі ретінде қолдану дұрыс емес
жəне, тиісінше қауіпті пайдалану болып есептеледі. Өндіруші дұрыс қолданбау жəне мақсаты
бойынша пайдаланбаудың салдарынан келген кез келген шығын үшін жауап бермейді.
Кез келген электр-тұрмыстық құралдарды пайдалану бірнеше негізді ережелерді сақтауды
талап етеді:
- айырды розеткадан суырып алған кезде кабелінен ұстап тартпаңыз;
- құралға қоылыңызды немесе аяғыңызды дымқыл күйінде тигізбеңіз.
- əдетте, жалғастырғыштарды, тармақтағыштар мен ұзартқыштарды пайдаланбауға кеңес
беріледі;
- дұрыс емес жəне/немесе нашар жұмыс істеген жағдайда, құралды ажыратыңыз жəне оны
бөлшектеуге тырыспаңыз.
1.2 Электр қауіпсіздігі
БАРЛЫҚ ЭЛЕКТР КӨЗДЕРІНЕ ҚОСУДЫ ТƏЖІРИБЕЛІ ЭЛЕКТРИКТІҢ НЕМЕСЕ БІЛІКТІ
ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАННЫҢ ОРЫНДАҒАНЫНА КӨЗ ЖЕТКІЗҢІЗ.
Пеш қосылатын қуат көзі, құрылғы сол елде орнатылатын елдің аумағында қолданылатын
нормативтердің талаптарына сəйкес болуы керек. Өндіруші осы нұсқаулықтарды
сақтамаудан болған кез келген бүлінулер үшін жауап бермейді. Пеш жерге тұйықталған
қабырғадағы розеткасы бар қуат көзіне, не көп полюсті ажыратқышқа, елдің аумағында
қолданылатын нормативтік талаптарға байланысты, қосылуы керек. Электр қуат көздеріне
қосу сəйкесінше сақтандырғыштармен қорғалған болуы, ал пайдаланылатын кабельдердің
көлденең қимасы пештің қуат көзіне беру үшін қажетті шарттард қамтамасыз етуі керек.
ҚОСУ
Пеш кабельмен (айырсыз) бірге жиынтықта жеткізіледі, оны фазаларының арасындағы жəне
фазаның жəне нейтралдың арасындағы 50 Гц жиіліктегі 220–240 В ауыспалы тоқтың қуат
көзіне ғана қосқан дұрыс. Пешті қуат көзіне қосудың алдында:
- Өлшеу құралымен көрсетілетін қуат көзінің кернеуін;
- үзгіштің ретке келтірілгенін тексеріп алу қажет.
Пештің жерге тұйықтау кабелі қуат көзінің жерге тұйықтау клеммасына қосылады.
KZ 16

Содержание

Скачать