Samsung RL57TGBVB [105/124] Орнату кезіндегі ескерту белгілері

Samsung RL57TGBVB [105/124] Орнату кезіндегі ескерту белгілері
Қауіпсіздік туралы ақпарат _3
Тоңазытқышты пайдаланбас бұрын
нұсқаулыққа сәйкес ыңғайлы жерге қойып
орнату қажет.
Тоңазытқышты қозғалтқан кезде қуат алатын
шнурдың зақымданбағанына көз жеткізіңіз.
- Қуат алатын шнурдың зақымдануы өрттің
шығуына әкеп соғуы мүмкін.
Қуат алатын шнурды тоңазытқыштың артқы
қабырғасына тым тақап қоймаңызоның
зақымдануы мүмкін.
Қаптама материалдарды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Егер
балалар сол материалдарды бастарына кисе,
тұншығып өліп кету қаупі бар.
Тоңазытқышты орнатқаннан кейін қуат алатын
шнурдың тікелей қосылуын қамтамасыз ету
қажет.
Тоңазытқышты жерге қосу қажет.
-
Электр тогының жылыстауы кезінде
зақымданбас үшін тоңазытқышты жерге қосқан жөн.
Жерге қосу нүктесі ретінде газ құбырларын,
телефон желілері немесе басқа да электр тогы
өткізгіштерін пайдаланбаңыз.
- Жерге қосылатын ажыраманы дұрыс
пайдаланбау электр тогымен зақымдануға әкеп
соғуы мүмкін.
Қуат алатын шнур зақымданған жағдайда
оны ауыстыру үшін тез арада дайындаушыға
немесе техникалық қызмет көрсету қызметіне
жүгініңіз.
Тоңазытқыштың балқығыш сақтандырғышын
ауыстыруды білікті маман
немесе қызмет
орталығы жүзеге асыруы тиіс.
- Бұл талаптарды орындамау электр тогымен
зақымдануға немесе жарақаттануға әкеп соғуы
мүмкін.
ОРНАТУ КЕЗІНДЕГІ
ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
Желдеткіш тесіктерде немесе бекіту
құрылымында ешқандай кедергінің
жоқтығына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны орнатқаннан кейін, оны қоспас
бұрын екі сағаттай күте тұрыңыз.
ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ
ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ
БЕЛГІЛЕРІ
Қуат алатын шнурдың айырын розеткаға су
қолмен сұқпаңыз.
Тоңазытқыштың үстіне ауыр зат қоймаңыз.
- Есікті ашып-жапқанда ол зат құлап, жарақаттауы
немесе құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Тоңазытқышқа сұйықтық құйылған ыдыстарды
салмаңыз.
- Сұйықтық төгіліп қалған жағдайда өрттің шығу
немесе электр тогымен зақымдану қаупі бар.
Балалардың тоңазытқыш есігіне асылып
ойнауына жол бермеңіз
.
Олар айтарлықтай жарақат алуы мүмкін.
Балалардың тоңазытқыш ішіне кіруіне жол
бермеңіз. Балалардың шыға алмай қалу қаупі бар.
Қолыңызды құрылғының астына қоймаңыз.
- Өткір ұштары тіліп кетуі мүмкін.
Балаларға жәшіктің қақпағын басқызбаңыз.
-
Оны сындырып алу немесе сырғанап кету қаупі бар.
Тоңазытқышқа тым көп азық-түлік салмаңыз.
-
Есігін ашқан кезде азық-түліктер құлап,
жарақаттауы немесе құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Саусағыңызды диспенсердің тесігіне сұқпаңыз
және оған бөгде заттардың тұрып қалмауын
қадағалаңыз.
- Бұл жарақаттауы немесе құрылғыны бүлдіруі
мүмкін.
Тоңазытқышта ұшатын және тез тұтанатын
заттарды сақтамаңыз.
- Бензол еріткіші, спирт, эфир, сұйытылған
мұнай газ немесе осы тектес басқа да заттар
жарылысқа әкеп соғуы мүмкін.
ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ
ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ
БЕЛГІЛЕРІ (ЖАЛҒАСЫ)
Тоңазытқышта медициналық, химиялық
немесе температураның өзгеруіне сезімтал
басқа да заттарды сақтамаңыз.
- Қатаң температуралық бақылауды талап ететін
заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.
Дайындаушы ұсынған электр аспаптарынан
басқа аспаптарды тоңазытқыштың ішінде
пайдаланбаңыз және орнатпаңыз.
Мұздату камерасының ішкі қабырғаларын немесе
ондағы азық-түліктерді дымқыл қолыңызбен ұстамаңыз.
- Олай болмаған жағдайда қолыңыздың жабысып
қалу қаупі бар.
АБАЙЛАҢЫЗ
WARNING
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
DA99-02116B(1.7).indb Sec2:3DA99-02116B(1.7).indb Sec2:3 2011.11.28 12:8:4 PM2011.11.28 12:8:4 PM

Содержание