Samsung RL57TGBVB [108/124] Мазмұны

Samsung RL57TGBVB [108/124] Мазмұны
6_ Қауіпсіздік туралы ақпарат
Мазмұны
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ ТЕҢШЕУ ············································· 7
ТОҢАЗЫТҚЫШПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ····························································· 13
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ····················································································· 19
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ
БОЙЫНША ҚОСЫМША
КЕҢЕСТЕР
Электр қуаты өшкен жағдайда энергетикалық
компанияның жергілікті кеңсесіне хабарласып,
жөндеу жұмыстарының қашанға дейін
созылатындығын біліңіз.
- Электр қуатының өшуі ақаулықтар бір немесе
екі сағат ішінде шеттетіледі де, тоңазытқыштың
жұмысына әсер етпейді. Соған қарамастан
электр қуаты өшкен кезде тоңазытқыштың есігін
мейлінше аз ашуға тырысыңыз.
- Егер электр қуатының өшуі 24 сағаттан асып
кетсе,
мұздатылған азық-түліктердің барлығын
мұздату камерасынан алып тастаңыз.
Тоңазытқыштың жиынтығына кілттер енген
болса, оларды балалардың қолы жетпейтін,
құрылғының өзінен алысырақ жерде сақтау керек.
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы жұмыс
температурасының номиналды диапазонының ең
төменгі мәнінен төмен болатын бөлмеге орнатқан кезде
бірқалыпты жұмыс істемеуі мүмкін (тоңазытқыштағы
температураның көтеріліп кету қаупі бар).
Тез бұзылатын тағамдарды (мысалы, банан,
қауын) төменгі температурада сақтамаңыз.
Құрылғыны қолмен ерітудің қажеті жоқ, ол
автоматты түрде жүзеге асады выполняется
автоматически.
Еріту барысындағы температураның жоғарылауы
ISO стандартының талаптарына сәйкес келеді.
Еріту барысында мұздатылған тағамдардың
температурасын жоғарылатпау үшін олардың
әрқайсысын қабаттап газет парақтарына орап
қойыңыз.
Еріту барысында мұздатылған тағамдардың
температурасының
жоғарылауы мұндай
тағамдардың сақтау мерзімін қысқартады.
Электр энергиясын үнемдеу
бойынша кеңестер
-
Тоңазытқышты жеткілікті дәрежеде желдетілетін
салқын, құрғақ бөлмеге орнатыңыз.
Оған күн сәулесінің тікелей түспегендігін
қамтамасыз етіңіз және оны тікелей жылу көздерінің
жанына орнатпаңыз (мысалы, жылыту батареялары).
- Тоңазытқыштың тесіктерін немесе шарбақтарын
ешқашан жаппаңыз.
- Жылы тағамды тоңазытқышқа салмас бұрын бөлме
температурасына дейін суытып алыңыз.
-
Мұздатылған азық-түліктерді еріту үшін тоңазыту
камерасына салыңыз. Бұл жағдайда сіз мұздатылған азық-
түліктің төмен температурасын тоңазыту камерасындағы
азық-түліктерді суыту үшін қолдана аласыз.
-
Тоңазытқышқа азық-түлікті салу немесе одан азық-
түлікті алу кезінде оның есігін ұзақ уақыт ашып
қоймаңыз. Есік барынша сирек ашылса, мұздату
камерасында мұздың қатуы да барынша аз болады.
-
Тоңазытқыштың артқы жағын ұдайы тазартып
отырыңыз. Шаң электр энергиясын тұтынуды арттырады.
- Температураны қажетті деңгейден төмен қоймаңыз.
- Тоңазытқыштың асты мен артқы жағында ауа
алмасуы үшін жеткілікті орын қалдыру керек.
Желдету тесіктерін жаппаңыз.
- Тоңазытқышты орнату кезінде оң, сол, артқы және
үстіңгі жақтарынан саңылау қалдырыңыз. Бұл
сіздің электр энергиясын тұтынуыңызды азайтады
және осыған сәйкес электр энергиясына төлем
сомасын да азайтады.
DA99-02116B(1.7).indb Sec2:6DA99-02116B(1.7).indb Sec2:6 2011.11.28 12:8:4 PM2011.11.28 12:8:4 PM

Содержание