Samsung RL57TGBVB [106/124] Қолдану кезіндегі ескерту белгілері

Samsung RL57TTE5K [106/124] Қолдану кезіндегі ескерту белгілері
4_ Қауіпсіздік туралы ақпарат
Еріту барысын жылдамдату үшін дайындаушы
ұсынған аспаптардан басқа қандай да бір
механикалық аспаптарды немесе тәсілдерді
пайдаланбаңыз.
Хладагент контурының зақымдануына жол
бермеңіз.
Тоңазытқышты өз бетіңізше бөлшектемеңіз
және жөндемеңіз.
- Олай болмаған жағдайда өрт шығу, тоңазытқыш
жұмысының бұзылу және жарақат алу қаупі бар.
Балалардың құрылғымен ойнауына жол
бермеңіз.
Бөтелкелер тоңазытқыштан құлап
қалмас үшін
оларды бір-біріне тығыз орналастырыңыз.
Бұл құрылғы азық-түліктерді үй жағдайында
сақтауға арналған.
Газдың шығуы байқалған жағдайда, ашық оттың
барлық көздері мен өртенуі ықтимал заттарды
шығарыңыз, содан кейін құрылғы тұрған бөлмені
бірнеше минут бойы желдетіңіз.
Дайындаушы немесе қызмет көрсету
орталығының қызметкерлері ұсынған жарық
диодты шамдарды ғана пайдаланыңыз.
Егер химикалидің иісін немесе түтінді
сезсеңіз, дереу қуат алатын шнурдың айырын
розеткадан суырып, Samsung қызмет көрсету
орталығына жүгініңіз.
Жарықтандыру шамын ауыстырған кезде
қиындықтар болған жағдайда қызмет көрсету
орталығының қызметкерлеріне хабарласыңыз.
Егер құрылғы жарық диодты шаммен
жабдықталса, шамның қақпағы мен жарық
диодты шамды өз бетіңізше бөлшектемеңіз.
- Қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне
жүгініңіз.
Тоңазытқышқа су тиіп немесе шаң басқан
жағдайда қуат алатын шнурдың айырын
розеткадан суырып, Samsung Electronics қызмет
көрсету орталығына жүгініңіз.
- Олай болмаған жағдайда өрт шығу қаупі бар.
ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ
ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
Тоңазытқышты розеткадан суырып
тастағаннан кейін бес минуттан соң ғана
қайта қосуға болады.
Тоңазытқыш ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса,
тоңазытқышты босатып, қуат алатын шнурды
суырып тастау керек.
- Оқшаулағыш материалдың бүлінуі өрттің
шығуына әкеп соғуы мүмкін.
Тоңазытқыштың ішіндегі артық суды сүртіп
алып, есігін ашық қалдырыңыз.
- Олай болмаған жағдайда жағымсыз иіс пайда
болып, көгеріп кетуі мүмкін.
Құрылғының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз
ету үшін төмендегі нұсқаулықтарды
орындаңыз.
- Азық-түліктерді құрылғының артқы жағындағы
панельдің желдеткіш тесіктеріне тақап қоймаңыз
бұл тоңазытқыштағы ауаның еркін айналуына
кедергі болуы мүмкін.
- Азық-түліктерді тоңазытқышқа қоймас бұрын
оларды тығыздап ораңыз немесе герметикалық
ыдыстарға салыңыз.
Толығымен жібіген азық-түлікті қайта
мұздатпаңыз. Газдалған немесе аралас сусындарды
мұздату камерасына салмаңыз. Бөтелке немесе
шыны ыдыстарды мұздату камерасына салмаңыз.
- Шыны ыдыстың ішіндегіні мұздатқан кезде шыны
жарылып кетіп, жарақаттауы мүмкін.
Кепілдікпен жөндеу және модификациялау.
- Үшінші жақпен орындалған кез келген
құрастырылып біткен бұл құрылымды өзгерту
немесе модификациялау Samsung компаниясының
кепілдік міндеттемелерін қамтымайды. Samsung
компаниясы үшінші жақпен орындалған
модификациялаумен байланысты қауіпсіздік
мәселелері бойынша жауапты емес.
Желдеткіш тесіктерге кедергі келтірмеңіз.
-
Егер желдеткіш тесік, әсіресе пластик
қапшықтармен жабық тұрса, бұл тоңазытқыштың
қатты салқындауына әкеп соғуы мүмкін.
Қатты салқындаудың ұзаққа созылуы су сүзгісінің
бұзылуына әкеп соғып, су ағып кетуі мүмкін.
- Балғын азық-түліктерді мұздатылған азық-
түліктердің жанына қоймаңыз.
Мұздатылған азық-түліктердің сақтау және
жарамдылық мерзімін сақтаңыз.
Егер мұздату үш аптадай уақыт пайдаланылмаса,
қуат алатын шнурды розеткадан суырмай-ақ қоюға
болады. Бірақ, егер сіз бұдан да көп уақыт үйде
болмауды жоспарласаңыз, барлық азық-түлікті
мұздату камерасынан шығару қажет. Мұздату
камерасын өшіріп, тазалап, жуып кептіріңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
DA99-02116B(1.7).indb Sec2:4DA99-02116B(1.7).indb Sec2:4 2011.11.28 12:8:4 PM2011.11.28 12:8:4 PM

Содержание