Vitek VT-3402 [14/32] Қазақша

Vitek VT-3402 [14/32] Қазақша
14
ҚАЗАҚША
Қондырмалардың айналу жылдамдығын
таңдау:
Қондырмалардың айналу жылдамдығын өзгерту
жылдамдық реттегішінің сабымен (6) жүзеге
асырылады. Батырмасын (5) басыңыз және
басып ұстап тұрыңыз, реттегіш сабын (6) бұрап
қондырманың қажетті айналу жылдмадығын
таңдаңыз.
Максималды жылдамдық режимінде жұмыс
істеу үшін «TURBO» (4) батырмасын басыңыз
және басып ұстап тұрыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Өнімдерді өңдегенде құрылғыны тік күйінде
ұстаңыз.
Құрылғыны қосу үшін батырманы (5)
басыңыз және басып ұстап тұрыңыз. Бұл
жұмыс режимін сұйық өнімдерді араластыру
үшін пайдаланыңыз. Қондырманың (1) айналу
жылдамдығын өзгерту жылдамдық реттегіші
сабын (6) бұрау арқылы жүзеге асады.
«TURBO» (4) батырманы басып ұстап тұрғанда
құрылғы максимальді айналыммен жұмыс
істейді. Осы жұмыс режимін сұйық және қатты
өнімдерді бірге өңдеу үшін пайдаланыңыз.
Ескертпелер:
Құрылғы іске қосылғанға дейін өнімдер
сыйымды ыдысқа салынады. Өңделетін
өнімдердің көлемі өңдеу жүргізетін
сыйымдылық көлемінің 2/3 мөлшерінен артық
болмау керек.
Ұсату/араластыру процесін бастау алдында,
жемістердің қабығын аршу, сүйектер сияқты
желінбейтін бөліктерді жою, жемістерді
үлкендігі 2х2 см текшелере турау ұсынылады.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
желі бауының ашасын электр розеткасы-
нан суырыңыз және алынбалы блендер-
қондырманы (1), бекіткіш батырмаларына (2)
бірден басып шешіп алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қондырма-блендерді (1) жұмыс істеп тұрған
кезде шешіп алуға тыйым салынады.
Жүзін зақымдамау үшін мүлдем қатты
өнімдерді, яғни жарма, күріш, дәмдеуіштерді,
кофе, ірімшіктің қатты сұрыптары, мұз
сияқты өнімдерді және басқа тағамдарды
өңдемеңіз.
Қондырма-блендермен (1) жұмыс кезінде
өнімдерді бөлшектеуде қиындықтар туын-
дайтын болса, біршама көлемде сұйықтық
қосыңыз.
БҰЛҒАУЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Бұлғауыш-қондырманы (11) тек крем, жұмыртқа
ақуызын шайқау үшін, бисквитті қамырды дайын-
дау немесе дайын десерттерді араластыру үшін
ғана пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Бұлғауыш (11) пен редукторды (12)
орнатудың алдында желілік баудың ашасын
электрлік розеткаға қосулы тұрмағанын тексеріп
алыңыз.
Қондырма-бұлғауышты (11) бұлғауыш
редукторға (12) салыңыз.
Бұлғауыш редукторын (12) моторлық блокқа (3),
салыңыз, редуктор (12) мен бұлғауыштың (11)
берік бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
Желілік баудың айырын электрлік айырға
салыңыз.
Қондырма-бұлғауышты (11) өнімдері бар ыдысқа
салыңыз.
Ескерпе: Сіз өнімдерді өлшегіш стақанға (10)
сала аласыз.
Құрылғыны қосу үшін батырманы (5) басыңыз
және басып ұстап тұрыңыз . Бұлғауыштың (11)
айналу жылдамдығын өзгерту жылдамдықты
реттегіш сабын (6) бұрау арқылы жүзеге асады.
Батырманы «TURBO» (4) басқанда және басып
ұстап тұрғанда құрылғы максималды айналым-
мен қосылады.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
желі бауының ашасын электр розеткасынан
суырыңыз, бірден батырмаларға (2) басып,
моторлық блоктан (3) бұлғауыш редукторын
(12) шешіп алыңыз.
Бұлғауышты (11) редуктордан (12) шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қондырма-бұлғауышты (11) қою қамырды илеу
үшін пайдалануға тыйым салынады.
Өнімдер құрылғыны қосқанға дейін ыдысқа
салыңыз.
ЧОППЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Чоппер етті, сырды, пиязды, шөптерді, сарымсақты,
сәбізді, грек жаңғағын, бадамды, қара өрік, жемістер
мен көкеністерді ұсақтау үшін қолданылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Мұз текшелерін, мұздатылған өнімдерді, жұпар
жаңғағын, кофе дәндерін, дәнді дақылдарды
және басқа осы сияқты өте қатты өнімдерді
ұсақтауға тыйым салынады.
Ұсақтауды бастамас бұрын:
Етті, ірімшікті, пиязды, жемістерді және көкө-
ністерді шамамен 2х2 см кесектеп тураңыз.
Шөптердің сабағын алып тастаңыз, жаңғақтарды
қабығынан тазартыңыз.
Еттің сүйектерін, сіңірлерін және шеміршек терін
жойыңыз.
Ұсақтау
Абайлаңыз: ұсақтағыш-пышақтың (8) жүзі өте
өткір!
Әрқашан ұсақтағыш-пышақты (8) жоғарғы пласт-
масса ілмегінен ұстаңыз.

Содержание

Скачать