Brayer BR1249 [24/32] Қауіпсіздік шаралары және пайдала ну бойынша нұсқаулық

Brayer BR1249 [24/32] Қауіпсіздік шаралары және пайдала ну бойынша нұсқаулық
24
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛА-
НУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Құрылғыны пайдалану алдында пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз, оқыған соң
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай, оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны дұрыс қолданбау оның бұзылуына,
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкелуі мүмкін және кепілдік жағдайы
болып табылмайды.
Заттаңбада көрсетілген құрылғының жұмыс
кернеуі электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Блендер-қондырмасымен
үздіксіз жұмыс істеу уақыты 30 секундтан аспа-
уы тиіс, ұсақтағыш қондырмамен 15 секундтан,
ал бұлғауыш қондырмамен 1 минуттан аспауы
тиіс. Жұмыс циклдерінің арасында 3 минуттан
кем емес үзіліс жасаңыз.
Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
Найзағай кезінде құрылғыны пайдалану ұсыныл-
майды.
Құрылғыны соққыдан, құлаудан, дірілден және
басқа да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
Желіге қосылған құрылғыны қараусыз қалдыр-
маңыз.
Құрылғыны жылу көздерінің, жылыту аспапта-
рының немесе ашық оттың тікелей жанында
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
Құрылғыны ас үй раковинасына жақын, жуына-
тын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су
толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдаланбаңыз.
Егер құрылғы суға құлап кетсе, дереу қуаттандыру
бауының ашасын электр розеткасынан сурыңыз,
содан кейін ғана құрылғыны судан алып шығуға
болады. Құрылғыны тексерту немесе жөндету
үшін сервис орталығына жүгініңіз.
Қуаттандыру бауы ыстық беттерге және жиһаздың
өткір жиектеріне тиюін болдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін немесе
тазалау алдында электр желісінен сөндіріңіз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратқан кезде тек
қуаттандыру бауының ашасынан ұстаңыз және
оны электр розеткасынан абайлап шығарыңыз,
қуаттандыру бауынан тартпаңыз — бұл оның
зақымдануына әкелуі және қысқа тұйықталуын
тудыруы мүмкін.
Құрылғы корпусына, қуаттандыру бауына және
қуаттандыру бауының ашасына сулы қолыңызбен
тиіспеңіз.
Скачать