Brayer BR1249 [27/32] Қондырама блендерді пайдалану

Brayer BR1249 [27/32] Қондырама блендерді пайдалану
27
KZ
ҚОНДЫРАМА-БЛЕНДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Қондырма-блендермен (1) үздіксіз жұмыс істеу
уақыты 30 секундтан аспауы тиіс. Жұмыс
циклдерінің арасында кемінде 3 минут үзіліс
жасаңыз.
Қондырма-блендерді (1) тұздықтар, майонез,
жеміс пюресі, балалар қоспаларын дайындау
үшін, әр түрлі ингредиенттерді араластыру үшін,
жеткілікті мөлшерде шырыны бар жемістер мен
көкөністерді өңдеу үшін пайдаланыңыз.
Қондырма-блендерді (1) орнату алдында қуат-
тандыру бауының ашасы электр розеткасына
салынбағанына көз жеткзіңіз.
Қондырма-блендерді (1) моторлық блокқа (2)
салыңыз және оны сағат тіліне қарсы тірелгенге
дейін бұраңыз, қондырманың сенімді бекітілгеніне
көз жеткізіңіз (сур.1).
Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасы-
на салыңыз.
Қондырма-блендерді (1) сіздің ұсақтағыңыз/арала-
стырғыңыз келген өнім салынған сыйымдылыққа
салыңыз, өнімдерді стақанға салуға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Өнімдерді өңдеу кезінде қондырма-блендері (1)
бар моторлық блокты (2) тігінен ұстаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қондырама-блендерді (1), моторлық блокты (2), қу-
аттандыру бауын және қуаттандыру бауының аша-
сын суға немесе кез-келген басқа сұйықтықтарға
батыруға тыйым салынады.
Қосу үшін батырманы «I» (4) басыңыз және ұстап
тұрыңыз. Бұл жұмыс режимін сұйық өнімдерді
араластыру үшін пайдаланыңыз.
Батырманы (4) «I» басқанда және ұстап тұрғанда,
Сіз реттегішті (5) бұрап қондырманың айна-
лу жылдамдығын реттей аласыз. Осы жұмыс
режимін сұйық және қатты өнімдерді өңдеу үшін
пайдаланыңыз.
Максималды жылдамдық режимінде жұмыс істеу
үшін батырмасын (3) «II» басыңыз және ұстап
тұрыңыз.
Ескертпе:
- өнімдер сыйымдылыққа құрылғы іске
қосылғанға дейін салынады. Өндірілетін өнім-
дердің көлемі оларды өңдейтін сыйымдылық
көлемінің 2/3 бөлігінен аспауы керек.
- ұсақтау және араластыру алдында жемістерді
қабығынан, сүйектер сияқты жеуге жарам-
сыз бөліктерден тазарту қажет, жемістерді
15×15×15 мм өлшемдегі текшелерге кесіп,
оларды сыйымдылыққа салып, содан кейін
шырын немесе су қосу қажет, өнімдердің мак-
сималды көлемі 350 г және 250 мл су немесе
шырыннан аспауы тиіс.
- мұздатылған өнімдерді ұсақтауға немесе ара-
ластыруға тыйым салынады.
Скачать