Vitek VT-1683 [39/96] Қазақ

Vitek VT-1683 [39/96] Қазақ
Таймер
1. «Сағат/Таймер» тетігін екі рет басыңыз, дисплейде «00:00:00» таңбалары көрінеді,
ал сағаттың сандары жыпылықтап тұрады.
2. Сандық тетіктердің көмегімен қалаған уақытты, сіз орната алатын максималды
мүмкін уақытты орнатыңыз - 99 минут 99 секунд.
3. Растау үшін «Сағат/Таймер» тетігін басыңыз.
4. Белгіленген уақтықа жеткеннен кейін бес дыбыстық белгі естіледі. Ағымдағы уақыт
орнатылған болса, онда ол дисплейде көрінеді.
Ескертпе:
Таймерді орната отырып, сіз дыбыстық белгілер ойнайтын уақытты
орнатасыз.
Таймер орнатылған болса, ешқандай басқа бағдарламалар белгіленуі мүмкін
емес.
Тағамды қысқа толқынды пеште əзірлеу
1. «Əзірлеу уақыты» тетігін бір рет басыңыз, дисплейде «00:00:00» таңбасы көрінеді.
2. Сандық тетіктердің көмегімен қалаған уақытты, сіз орната алатын максималды
мүмкін уақытты орнатыңыз - 99 минут 99 секунд.
3. «Қуат» тетігін бір рет басыңыз, дисплейде «PL10» таңбасы көрінеді, бұл 100% қуатқа
сəйкес келеді.. Сіз сандық тетіктерді қуат деңгейін енгізу үшін пайдалана аласыз.
4. ««Старт/+30 сек/»» тетігін басыңыз., тағамды əзірлеу процесі басталады.
Мысалы, өнімді 15 минут ішінде 50% қуатта əзірлеу керек.
«Əзірлеу уақыты» тетігін бір рет басыңыз, дисплейде «00:00:00» таңбасы көрінеді.
«1», «5», «0», «0» тетіктерін əзірлеу уақытын енгізу үшін басыңыз.
«Қуат» тетігін кезекпен баса отырып 50%-ға тең қуат деңгейін орнатыңыз.
«Старт/+30 сек/» тетігін басыңыз, тағамды əзірлеу процесі басталады.
Ескертпе:
Егер орнату кезінде сіз «Стоп/Болдырмау» тетігін басулы болса немесе 1 минут
ішінде ешқандай əрекет жасалмаса, онда өздігінен бастапқы күйге қайту орын
алады.
Қуатты «PL0» таңдаған кезде тек желдеткіш қана жұмыс істейді, сіз бұл күйді
иістерді кетіру үшін пайдаланасыз.
Егер сізге əзірлеу кезінде (қысқа толқынды күйде) қуат деңгейін өзгерту қажет
болса, «Қуат» тетігін басыңыз. Осы тетікті басқаннан кейін диплейде дисплейде
3 секунд ішінде қуаттың ағымдағы деңгейі жыпылықтайды, осы сəтте сандық
тетіктердің көмегімен қуаттың жаңа деңгейін орнатыңыз. Қалған уақыттың
ішінде əзірлеу процесі қайта белгіленген қуат деңгейінде жүргізіледі.
Гриль жұмыс күйі
1. «Гриль/Құрамд» тетігін гриль функциясын таңдау үшін бір рет басыңыз, дисплейде
«G» көрінеді.
2. Əзірлеу уақытын орнатыңыз. Максималды əзірлеу уақыты – 99 минут 99 секунд.
Мысалы, əзірлеу уақытын 12 минут 50 секунд етіп енгізу үшін, «1», «2», «5», «0»
тетіктерін кезекпен басыңыз.
3. «Старт/+30 сек» тетігін басыңыз, өнімді əзірлеу процесі басталады, дисплейде
қалған əзірлеу уақыты көрінеді.
39
ҚАЗАҚ
1683.indd 391683.indd 39 12.04.2010 10:21:4012.04.2010 10:21:40

Содержание