DEXP F40G7000C [51/96] Сақтық шаралары

DEXP F40G7000C [51/96] Сақтық шаралары
51
Сақтық шаралары
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
ЭЛЕКТР ТОГЫМЕН
ЗАҚЫМДАНУ ҚАУПІ
АШУҒА БОЛМАЙДЫ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: ЭЛЕКТР ТОГЫМЕН ЗАҚЫМДАНУДЫ БОЛДЫРМАС ҮШІН,
ТД АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ АРТҚЫ ҚАҚПАҚТАРЫН АШПАҢЫЗ.
ҚҰРЫЛҒЫДА ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙ АЛАТЫН НЕМЕСЕ АУЫСТЫРА АЛАТЫН
БӨЛШЕКТЕР ЖОҚ.
ЖӨНДЕУ ҮШІН БІЛІКТІ МАМАНДАРҒА ЖҮГІНІҢІЗ.
Үшбұрыштағы найзағай белгішесі пайдаланушыға құрылғы ішінде
электр тогының соғуына әкелуі мүмкін қауіпті кернеудің бар екені
туралы ескертеді. Осындай белгішемен белгіленген панельді алып
тастауға тыйым салынады.
Үшбұрыштағы леп белгісі пайдаланушыға техникалық қызмет
көрсету немесе ақаулықтарды жою туралы тиісті нұсқаулардың бар
екені туралы ескерту ретінде қызмет етеді.
Бұл құрылғы коммерциялық мақсаттарда пайдалануға арналмаған.
Жану немесе электр тогының соғу қаупін болдырмау үшін теледидарды ылғал-
дың немесе жаңбырдың әсеріне ұшыратпаңыз. Құрылғыға судың шашырауына
және су тамшыларының тиюіне жол бермеңіз.
Теледидарға кез-келген су құйылған ыдыстарды (құмыраларды, бөтелкелерді,
стақандарды және т.б.) қоюға тыйым салынады.
Жұмыс істеп тұрғанда теледидар экраны мен корпусының қызуы мүмкін. Ақау-
лық болып табылмайды.
Құрылғыдан түтін, біртүрлі шу немесе иіс пайда болған жағдайда, мыналарды
орындау керек:
• теледидарды дереу өшіріңіз;
• ашаны розеткадан суырыңыз;
• авторизацияланған сервистік орталықпен байланысыңыз.
Теледидарды дереу қуат желісінен ажыратыңыз және келесі мәселелер туын-
даған жағдайда білікті маманға жүгініңіз:
• аша немесе қуат сымы зақымдалған;
• желі розеткасына сәйкессіздік;
• теледидар құлау немесе соғу нәтижесінде зақымдалған;
• теледидар ылғалдың әсеріне ұшыраған немесе оның ішіне бөгде заттар
түскен.

Содержание

Скачать