DEXP F40G7000C [77/96] Жазылған бағдарламаларды ойнату

DEXP F40G7000C [77/96] Жазылған бағдарламаларды ойнату
77
Жоспарланған жазу
Теледидар өшірулі күйде немесе күту режимінде жоспарланған жазуды орын-
дай алады.
• Электрондық таратылатын бағдар-
ламалар (EPG) мәзірін көрсету үшін
«EPG» түймесін басыңыз.
• Таймерді жазу мәзірін ашу үшін ҚЫ-
ЗЫЛ түймені басыңыз. Бұл мәзірде
уақыт пен жазба режимін орнатуға
болады.
• Әртүрлі баптауларды таңдау үшін
/ түймелерін және оларды
өзгерту үшін / түймелерін
басыңыз. Орнату аяқталғаннан кейін жоспарланған жазбаны сақтау үшін
«ENTER» түймесін басыңыз.
Ескертпелер:
• Сіз жазуға арналған бірнеше бағдарламаларды орната аласыз. Ол үшін
бағдарламаның барлық тізімін көрсету мақсатында EPG режимінде сары түй-
мені басыңыз. Жазбалар қабаттаспауы керек, екі жазбаның арасында кем
дегенде 1 минут үзіліс болуы керек.
• Егер жазу күту режимінде басталса, алдыңғы панельдегі индикатор түсін
өзгертеді. Экранды қосу үшін қуат түймесін басуға болады.
Жазылған бағдарламаларды ойнату
1-нұсқа: жазу аяқталғаннан кейін жазылған бағдарламалардың тізімін көрсету
үшін «INDEX» түймесін басыңыз.
• Жазылған файлдарды таңдау үшін / түймелерін, одан кейін ойнату үшін
«ENTER» түймесін басыңыз.
• Қажет емес файлды жою үшін қызыл түймені басыңыз.
• Мәзірден шығу үшін «EXIT» түймесін басыңыз.
2-нұсқа: жазылған бағдарламаларды USB режимінде ойнатуға болады.
Енгізу көздері мәзірін көрсету үшін «SOURCE» түймесін басыңыз.
• USB таңдау үшін / түймелерін, одан кейін «ENTER» түймесін басыңыз.
• Фильмдер тармағын таңдау үшін / түймелерін пайдаланыңыз, одан
кейін «ENTER» түймесін басыңыз.
• Қажетті дискіні ашу үшін шарлау түймелерін және «ENTER» түймесін пайда-
ланыңыз.
• Қалтаны ашу үшін шарлау түймелерін және «ENTER» түймесін пайдала-
ныңыз.
Файлды таңдау үшін шарлау түймелерін пайдаланыңыз. Файлды бөлектеу не-
месе арылту үшін «ENTER» түймесін басыңыз. Таңдалған файлды ойнату үшін
ойнату/кідірту түймесін басыңыз. Егер файл ерекшеленбесе, қалтадағы бар-
лық файлдар ойнату/кідірту түймесін басқаннан кейін ретімен ойнатылады.
• Ойнатуды тоқтату үшін «Тоқтату» түймесін басыңыз.
• USB негізгі мәзіріне оралу үшін «EXIT» түймесін басыңыз.

Содержание

Скачать