DEXP F40G7000C [68/96] Жерсеріктік арналарды іздеу

DEXP F40G7000C [68/96] Жерсеріктік арналарды іздеу
68
Кабельдік ТД баптау
• Автоматты іздеу (ОТД): автоматты іздеуді бастау үшін «ENTER» түймесін
басыңыз.
1. Елді және арнаны орнату түрін таңдаңыз.
2. Арналарды іздеу мәзірін баптаңыз.
• Сканерлеу түрі: барлық белсенді теледидар таратылымы арналарын
іздеу және оларды теледидардың жадында сақтау.
• Егер сіз Желіні іздеу опциясын таңдасаңыз, ҚБ пультін пайдаланып
жиілікті, желі идентификаторын және таңба параметрлерін қолмен
баптауға болады. Жылдам іздеу тек сандық DVBC арналарын іздейді,
АТД арналарын іздеу жүзеге асырылмайды.
• Егер сіз Толық іздеу опциясын таңдасаңыз, автоматты баптау барлық
немесе қолжетімді арналарды барлық немесе көрсетілген жиіліктер
бойынша іздейді.
3. Теледидар барлық қолжетімді арналарды сақтауды бастайды.
• ОТД-ні қолмен баптау: DVB кабельдік ТД режимінде бағдарламаны қосу үшін
жиілікті, таңбаны және QAM түрін енгізу керек. Кабельдік қызметті жет-
кізушіден дұрыс деректерді сұраңыз.
• АТД қолмен баптау: АТД арналарын қолмен сақтау.
• 1 нөміріне сақтау: ізделген арнаны 1 нөміріне сақтау (/ түймелері
арқылы арна нөмірін реттеуге болады).
• Дыбыс стандарты: дыбыс стандартын таңдау.
• Бейне стандарты: бейне стандартты таңдау.
• Ағымдағы CH 1 арнасы: ағымдағы арнаны таңдау.
• Іздеу: ағымдағы жиіліктен артқа іздеу үшін түймесін, көрсетілген
жиіліктен алға қарай іздеу үшін түймесін басыңыз.
• Дәл баптау: арна жиілігін дәл реттеу.
• Сақтау үшін қызыл түймені басыңыз. Шығу үшін «EXIT» түймесін басыңыз.
• LCN бойынша сұрыптау: оператор беретін логикалық арна нөмірі бойынша
сұрыптау. Қосу/Өшіру параметрін таңдау үшін «ENTER» түймесін басыңыз.
• Арнаны автоматты түрде жаңарту (ОТД режимінде): динамикалық қайта
іздеу функциясын қосу/өшіру.
Жерсеріктік арналарды іздеу
• Жерсеріктік арналарды іздеу үшін антеннаны ANT (Satellite) ағытпасы
арқылы қосыңыз.
• Негізгі мәзірді көрсету үшін «MENU» түймесін басыңыз.
• ҚБ пультінің навигация түймесінің көмегімен
«Арна» — «Антенна түрі» — «Жерсерік» тармақтарына өтіңіз.
• Жерсеріктік арналарды автоматты түрде орнатуды қаласаңыз, «Авто іздеу»
түймесін, ал арналарды қолмен орнатуды қаласаңыз, онда «Қолмен орнату»
түймесін басыңыз.

Содержание

Скачать