Electrolux 300 IPE6440WI [5/56] Қауіпсіздік нұсқаулары

Electrolux 300 IPE6440WI [5/56] Қауіпсіздік нұсқаулары
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Осы құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай
болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы
мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны есіктің жанына немесе
терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік
немесе терезе ашылған кезде ыстық
ыдыстар құрылғыдан құлап кетпеу үшін
қажет.
Әр құрылғының астыңғы жағында өз
желдеткіштері бар.
Егер құрылғы тартпаның үстіне
орнатылса:
Желдеткішке кіріп кетуі мүмкін
кішкене қағаздарды немесе
парақтарды сақтамаңыз, себебі
олар салқындатқышқа зақым
келтіруі немесе салқындату жүйесін
зақымдауы мүмкін.
Құрылғының астыңғы жағы мен
тартпада сақталған заттардың
арасына кемінде 2 см орын
қалдырыңыз.
Құрылғының астыңғы жағында
орналасқан кез келген бөлгіш панельді
алыңыз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруы керек.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Қандай да бір жұмысты іске асырмай
тұрып, құрылғының электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз
жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс
жалғанбаған электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ағытпаны өте
ысытып жіберуі мүмкін.
Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
Электр қатерінен сақтандыру
құралының орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Сымды тартылудан босататын
қапсырманы пайдаланыңыз.
Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға
немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін
абай болыңыз.
Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш
сымды қолданбаңыз.
Құрылғының сымына немесе ашасына
(бар болса) зақым келтірмеу үшін абай
болыңыз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін біздің уәкілетті қызмет
көрсету орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы
бар бөлшектерді электр қатерінен
қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп
мықтап орнату керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана қосыңыз. Орнатып болғаннан кейін
ҚАЗАҚ 5

Содержание

Скачать