Electrolux 300 IPE6440WI [7/56] Күту менен тазалау

Electrolux 300 IPE6440WI [7/56] Күту менен тазалау
2.4 Күту менен тазалау
Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріп,
суығанша қойыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді,
еріткіштерді немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
2.5 Қызмет
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тек түпнұсқалық
қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері жеке
сатылады: Бұл шамдар температура,
діріл, ылғалдылық сияқты төтенше
физикалық жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына немесе
құрылғының жұмыс жағдайы туралы
сигнал беруге арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
2.6 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
3.1 Орнату алдында
Пешті орнату алдында, техникалық
ақпарат тақтайшасынан төмендегі
ақпаратты жазып алыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пештің төменгі
жағында орналасқан.
Сериялық нөмірі ......................
3.2 Кіріктірілген пештер
Кіріктірілген пештерді, аспапты дұрыс
қондырылған пештерге және стандартты
талаптарға сай келетін жұмыс беттеріне
құрастырғаннан кейін ғана пайдаланыңыз.
3.3 Қосылым сымы
Пеш электр қосылымы сымымен
жабдықталған.
Нұқсан келген қуат сымын ауыстыру
үшін мына кабель түрін қолданыңыз:
H05V2V2-F, 90 °C немесе одан жоғары
температураға төзімді. Жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
3.4 Құрастыру
Құрылғыны ауа тартқыштың астына
орнатсаңыз, құрылғылардың арасындағы
мин. қашықтықты орнату нұсқауларынан
қараңыз.
min.
50mm
min.
500mm
Құрылғы тартпаның үстіне орнатылса,
пештің желдеткіші тағам пісіру барысында
тартпадағы заттарды жылытуы мүмкін.
ҚАЗАҚ 7

Содержание

Скачать