Haier LET39Z18HF [53/64] Экран

Haier LET39Z18HF [53/64] Экран
Жұмысқа дайындық
Сандық СК теледидарды пайдалану жөніндегі нұсқаулық 51
Қашықтықтан басқару пультіндегі сандық түймелерді
пайдаланып жаңа пароль көрсетіңіз, бұдан соң
көрсетілген парольді растау үшін оны қайталаңыз.

Бұғаттауды жою функциясын таңдау үшін 
түймелерін пайдаланыңыз. Таңдалған функцияны
растау үшін  түймесін басыңыз. Одан кейін барлық
режимдерді бұғаттаудан бас тарту үшін  түймелерін
басыңыз.
Қонақүй режимі
Баптау менюіне кіру үшін түймелерін
басыңыз:
Қонақүй режимі:
Қонақүй режимін қосу/өшіру.
Максималды дыбыс деңгейі:
Теледидардың максималды дыбыс деңгейін
белгілеңіз.
Бастапқы дыбыс деңгейі:
Теледидар қосылғандағы бастапқы дыбыс деңгейін
белгілеңіз.
Түймелер панелін бұғаттау:
теледидардың алдыңғы панеліндегі басқару түймелерін
бұғаттаңыз.


Субтитрлер функциясы
Субтитрлерді қосу және өшіру үшін, ҚБ пультіндегі
SUBTITLE (Субтитрлер) түймесін басыңыз.

SUBTITLE (Субтитрлер) түймесін басқан соң, тілдер
менюі тек DTV режимінде ғана шығатын болады.
Арналар тізімі функциясы
Арналар тізімі функциясының менюін шақыру 
үшін, қашықтықтан басқару пультіндегі CH.List
түймесін басыңыз.
Арналарды таңдау үшін сары түймені басыңыз: 
Барлығы/ Сандық/ Радио/ Аналогтық, растау
үшін  түймесін басыңыз.
Арналарды таңдау үшін   түймелерін
пайдаланыңыз, одан кейін таңдауыңызды растау
үшін  түймесін басыңыз. Баптаулар режимінен
шығу үшін кез келген уақытта  түймесін
басуға болады.
Анықтама алу функциясы
Менюді шақыру үшін ҚБ пультіндегі  түймесін
басыңыз, одан кейін бағдарлама таңдау үшін 
түймелерін пайдаланыңыз. Баптаулар режимінен шығу
үшін кез келген уақытта  түймесін басуға болады.

Бұл функция тек DTV режимінде бар.
«Сүйікті арналар» функциясы
Сүйікті арналар тізімінің менюін шақыру үшін ҚБ
пультіндегі  түймесін басыңыз.
Қосулы арнаны сүйікті арналар тізіміне енгізу үшін 
түймесін басып,  түймесін басыңыз. Сондай-ақ,
сүйікті арналар тізімінен арналарды жоюға болады.
Мәлімет
Қосылған арна туралы мәліметті экранға шығару үшін,
ҚБ пультіндегі INFO түймесін басыңыз. Баптаулар
режимінен шығу үшін кез келген уақытта  түймесін
басуға болады.


Содержание

Скачать