Brayer BR3204BN [14/21] 27 kz kz

Brayer BR3204BN [14/21] 27 kz kz
26 27KZ KZ
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ПАЙДАЛАНЫМДАР
ҮШІН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН
АЛҒАШ ПАЙДАЛНАР АЛДЫНДА
Құрылғыны кері температурада тасымалдаған-
нан немесе сақтағаннан кейін оны қаптамадан
шығарыңыз және пайдаланар алдында 3 сағат
күтіңіз.
Құрылғыны қаптамадан шығарыңыз және барлық
қаптама материалдарын жойыңыз.
Зауыт қаптамасын сақтаңыз.
Жинақталымын тексеріңіз.
Қауіпсіздік шаралары мен пайдалану
нұсқауларымен танысыңыз.
Құрылғыны зақымдануына қатысты байқаңыз
зақымдануы болған жағдайда оны желіге
қоспаңыз.
Құрылғының көрсетілген қуаттандыру кернеуі
параметрлері электр желісінің параметрлеріне
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Құрылғыны 60
Гц жиіліктегі электр желісінде пайдаланғанда,
ешқандай қосымша әрекет қажет емес.
Шаңды жою үшін құрылғыны таза, аздап дымқыл
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
Құрылғыны пайдалану барысында желі бауын
толық ұзындығы бойынша тарқатыңыз.
МУЛЬТИСТАЙЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Мультистайлерді ұзын шашқа, сондай-ақ орта
ұзындықтағы шашқа да пайдаланыңыз.
Мультистайлерді тегіс, орнықты, термотөзімді
бетке орналастырыңыз. Жұмыс пластиналары
мен сыртқы беттері тез балқитын немесе тез
тұтанатын заттармен жанаспауын қадағалаңыз.
Құрылғыны боялмаған және шашқа арналған
химиялық заттармен бұйраланбаған, сау шашты
реттеу үшін пайдаланыңыз.
Егер шаш боялған немесе химиялық бұйралауға
ұшыраған болса, мультистайлерді сирек
пайдаланыңыз.
Шашты реттеу алдында оны сусабынмен жуыңыз,
сүлгімен сүртіңіз, фенмен кептіріңіз және тараңыз.
Мультистайлерді тегіс, тұрақты және термотөзімді
бетке қойыңыз.
Желі бауының ашасын электр розеткасына
тығыңыз.
Құрылғыны қосыңыз, ол үшін қосу/өшіру
батырмасын (3) «
» басыңыз және ұстап
тұрыңыз, осы ретте шарт бойынша орнатылған,
жұмыс элементтерін қыздыру температурасы
"180", температура шәкілінде (4) "120"-дан
"200"-ге дейінгі, жұмыс элементтерін қыздыру
температурасының индикаторлары (1) жанады
және жыпылықтайды.
- Шашты жуғаннан кейін, оларды шөп қайнатын-
дысымен шайыңыз. Ақшыл шаш үшін түймедақ
қайнатындысы, қараларға — сәлбен, емен
қабығы немесе құлмақ қайнатындысы ұсы-
нылады. Шаштың барлық түрлеріне арналған
әмбебап құрал, бұл қалақай қайнатындысы.
S-ТӘРІЗДІ ҚАЛЫПТАҒЫ ИІРІМДЕР
Реттегішті (6) бұру арқылы шаш "толқынының"
қарқындылығын орнатыңыз.
Шашты ені 5–7 см тарамдарға бөліңіз.
Мультистайлерді қосыңыз, батырмаларымен (2) "-
/ +" қажетті қыздыру температурасын орнатыңыз,
жұмыс элементтері (1) қызуын күтіңіз.
Мультистайлердің (1) жұмыс бетіне шаш
тарамын орналастырғанда және екі цилиндрлік
элементтермен шашты қысқанда ерекше
толқындар пайда болады.
Шаштың тарамын бөліп алып, түбінен бастап
мультистайлердің (1) жұмыс элементтері арасына
қысыңыз. Абайлық сақтаңыз ыстық элементтердің
(1) бас терісімен жанасуына жол бермеңіз,
бірақ сонымен қатар мультистайлер шаштың
тамырынан алыс орналасуын болдырмаңыз,
әйтпесе түбіріне жақын иірімдердің көлемі
шықпайды.
Әрбір шаш тарамына алдымен ішкі иірімін, содан
кейін сыртқысын жасаңыз.
Шаш тарамдарының әр бөлігінде 5 секундтан
артық тұрмаңыз.
Ескерту: — бірінші рет қосқан кезде, қыздыру
элементінен бөтен иістің пайда болуы мүмкін,
бұл қалыпты жағдай және кепілдік оқиғасы болып
табылмайды.
Қажет болғанда батырмаларын «-/+» (2) басу
арқылы жұмыс пластиналарын қыздырудың
қажетті температурасын орнатыңыз.
Шаш түрі Температура
Зақымдалған, боялған, түссіз-
дендірілген, жұқа
+120 °С-тан +140 °С-қа дейін
Қалыпты +140 °С-тан +180 °С-қа дейін
Кәсіби реттеу үшін +180° С-тан +200° С-қа дейін
Жұмыс элементтері (1) белгіленген температураға
дейін қызған кезде, шәкілдегі температураның
желілік индикаторлары (4) үнемі жанып тұрады.
Бірнеше пайдалы кеңестер
- Мультистайлерді құрғақ шашты реттеу үшін
ғана қолданыңыз, егер шаш дымқыл болса,
қыздырылған беттермен жанасқанда, сұйықтық
бірден қайнап, шашты зақымдайды.
- Шашты реттеуге арналған термоқорғаныс
құралдарын қолдану ұсынылады.
- Аптасына бірнеше рет қоректік, ылғалдандыра-
тын немесе қалпына келтіретін шашқа арналған
маска жасаңыз.

Содержание

Скачать