Asko CW4176S [168/184] Пайдалану

Asko CW4176S [168/184] Пайдалану
KK 6
ПАЙДАЛАНУ
Басқару
Сору мүмкіндігін іске қосу жəне өшіру
• «+» (8) түймесін басыңыз.
Плита үстіндегі сорғыш құрылғы ең төменгі параметрде іске
қосылады.
Жоғарырақ сору параметріне орнату үшін, «+» түймесін (8) қайта
басыңыз. Ең жоғарғы параметрді (көбейту) таңдау үшін, «+»
түймесін (8) 2 секундқа басып тұрыңыз (интенсивті параметрді
іске қосуды қараңыз).
Сору параметрін 1-ден 4 немесе 9-ға дейінгі (үлгісіне
байланысты) жылдамдықтар аралығында орнатуға болады.
Төменгі параметрді таңдау үшін, «–» түймесін (2) басыңыз.
Сору параметрі дисплейде (5) көрсетіледі.
Егер сору параметрі 1 мəніне орнатылса, плита үстіндегі сорғыш
құрылғыны «–» түймесін (2) жылдам басу жəне босату арқылы
өшіре аласыз.
Плита үстіндегі сорғыш құрылғының кез келген параметрінен
өшіру үшін, «–» түймесін (2) кем дегенде 2 секундқа басып
тұрыңыз.
Айналым параметрлерінің санын өзгерту (9 айналым
параметрі бар үлгі)
9 айналым параметрі (стандарт) немес 5 айналым параметрі
арасынан таңдауыңызға болады.
• «–» түймесін (2) жəне «+» түймесін (8) кем дегенде 5 секундқа
басып тұрыңыз.
Бұл 5 айналым параметрі опциясын таңдайды. 9 айналым
параметрі опциясын таңдау үшін, «–» түймесін (2) жəне «+»
түймесін (8) кем дегенде 5 секундқа қайта басып тұрыңыз.
Жарықты іске қосу жəне өшіру
Жарық түймесін (1) тез басып, босатыңыз.
Жарық максималды қарқындылықпен іске қосылады.
Жарық қарқындылығын орнату үшін, жарық түймесін (1) басып
тұрыңыз.
Жарық максималды қарқындылықтан минималды
қарқындылыққа дейін жəне керісінше өзгереді.

Содержание

Скачать