Bosch GLI PocketLED (0601437V00) без акк. и з.у [123/197] Техникалық күтім және қызмет

Bosch GLI PocketLED (0601437V00) без акк. и з.у [123/197] Техникалық күтім және қызмет
Қaзақша | 123
Bosch Power Tools 1 609 92A 10P | (1.4.15)
Энергияны үнемдеу үшін аккумуляторлық фонарьды тек пайдаланғанда
қосыңыз.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий иондық аккумулятор „Electronic Cell Protection (ECP)“ арқлы терең
зарядсызданудан қорғалған. Аккумулятордың тогы бітсе, қорғау жүйесі
аккумуляторлық фонарьды өшіреді.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Батарея жұмыс істемей жатса, Bosch электр құралдарының өкілетті сервистік
орталығына барыңыз.
Аккумуляторлық фонарь техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді және
ауыстыруды немесе қызмет көрсетуді қажет ететін элементтерді қамтымайды.
Зақымдарды болдырмау үшін аккумуляторлық фонарьдың пластик дискісін тек
құрғақ, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы
бөлшектер туралы ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы
бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде
өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу
және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош“
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында
орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті,
денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заң
сыз жасау және тарату
әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
OBJ_BUCH-2353-001.book Page 123 Wednesday, April 1, 2015 8:14 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать