Bosch GGS 18V-23 LC (0601229100) без акк. и з.у [171/279] Пайдалану

Bosch GGS 18V-23 LC (0601229100) без акк. и з.у [171/279] Пайдалану
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру (GGS 18V-23 LC)
Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (5) алға
жылжытыңыз.
Ажыратқышты (5) орнату үшін ажыратқышты (5)
алдыңғы жағынан төмен қарай тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (5) жіберіңіз
немесе ол бекітілген болса, ажыратқышты (5) артқы
жағынан кішкене төмен басып, сонан соң жіберіңіз.
Қосу/өшіру (GGS 18V-23 PLC)
Электр құралын іске қосу үшін босату иінтірегін (17) алға
жылжытып, ажыратқышты (5) жоғары қарай басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз.
Аккумуляторды орнату
u Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды (7) электр құралының
тірегіне аккумулятор берік бұғатталғанша кіргізіңіз.
Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі
Электр құралы кенет кері соқса, мысалы,
фрезерлеу кезінде бұғатталса,
қозғалтқышқа қуат беру электроника
арқылы тоқтатылады.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5) өшірілген күйге
келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Қайта қосылудан қорғаныс
Қайта қосылудан қорғаныс қуаттандырудан кейін электр
құралының бақылаусыз іске қосылуын болдырмайды.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5) өшірілген күйге
келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Нұсқау: тым жылдам өшіріп қайта қосу кезінде қайта
қосылудан қорғаныс іске қосылып, электр құралы
ажыратқыш (5) қосулы болса да жұмыс істемеуі мүмкін.
Ажыратқышты (5) өшірілген күйге келтіріп, электр
құралын қайта қосыңыз.
Байланыс функциялары
Bluetooth
®
Low Energy Module GCY30-4 байланысты
төмендегі байланыс функциялары электр құралы үшін
қолжетімді болады:
Тіркеу және даралау
Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
Жалпы мәліметтер мен параметрлер
Басқару
Bluetooth
®
Low Energy Module GCY30-4 туралы мәлімет
алу үшін жинақтағы пайдалану нұқсаулығын оқыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
u Электр құралы орнатылған Bluetooth
®
Low Energy
Module GCY30-4 модулімен радиоинтерфейспен
жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін,
мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда
ескеріңіз.
Ажарлау құралын аздап басып жылжытып, оңтайлы
жұмыс нәтижесіне жетіңіз. Тым қатты басу электр
құралының қуатын төмендетіп, ажарлау құралының
жылдам тозуына әкеледі.
u Ажарлау құралдарын соққыдан қорғап сақтаңыз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20° - 50°C температура ауқымында
сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
u Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қазақ | 171
Bosch Power Tools 1 609 92A 470 | (26.10.2018)

Содержание

Похожие устройства

Скачать