Bosch GKS 140 (06016B3020) [51/117] Сору адаптерін орнату e суретін қараңыз

Bosch GKS 140 (06016B3020) [51/117] Сору адаптерін орнату e суретін қараңыз
Қазақ | 51
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
u Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары
болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Ара төсемін орнату/ауыстыру
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
u Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі
бар.
u Тегістеу шеңберлерін қондырма ретінде
пайдаланбаңыз.
u Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр
құралында берілген деректерге сәй және EN847-1
бойынша тексерілген болып тиісті ретте
белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Ара дискісін бөлшектеу (Aсуретінқараңыз)
Құралды алмастыру үшін электр құралын қозғалтқыш
корпусының бүйірлік жағына қойыңыз.
Шпиндельді бұғаттау түймесін(4) басып, ұстап
тұрыңыз.
u Шпиндельді бұғаттау түймесін (4) ара шпинделі
тоқтап тұрған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Алты қырлы дөңбек кілтпен(17) қысқыш
бұранданы(18) бағытымен бұрап шығарыңыз.
Маятниктік қорғаныш қаптаманы(11) артқа қайырып,
берік ұстап тұрыңыз.
Қысқыш фланецті(19) және ара дискісін(20) тірек
фланеці бар ара шпинделінен(21) шығарып алыңыз.
Аралау дискісін таңдау
Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану
нұсқаулығының соңында табуға болады.
Ара дискісін монтаждау (Aсуретінқараңыз)
Құралды алмастыру үшін электр құралын қозғалтқыш
корпусының бүйірлік жағына қойыңыз.
Ара дискісін(20) және барлық орнатылатын қыспа
бөлшектерді тазалаңыз.
Маятниктік қорғаныш қаптаманы(11) артқа қайырып,
берік ұстап тұрыңыз.
Ара дискісін(20) тірек фланеці бар ара
шпинделіне(21) орнатыңыз. Тістердің кесу бағыты
(ара дискісіндегі көрсеткі бағыты) қорғаныш
қаптамадағы(15) бағыт көрсеткісімен бірдей болуы
керек.
Қысқыш фланецті(19) орнатыңыз және қысқыш
бұранданы(18) бағытымен бұрап бекітіңіз. Тірек
фланеці бар ара шпинделінің(21) және қысқыш
фланецтің(19) орнату күйі дұрыс болуын
қадағалаңыз.
Шпиндельді бұғаттау түймесін(4) басып, ұстап
тұрыңыз.
Алты қырлы дөңбек кілтпен(17) қысқыш
бұранданы(18) бағытымен бұрап бекітіңіз. Тарту
моменті 6–9Нм құрауы керек, бұл қолмен бұрау мен
¼ айналымға сәйкес келеді.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін орнату (E суретін қараңыз)
Сору адаптерін (25) жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырға (14) тірелгенше салыңыз. Сору адаптерін (25)
қосымша бұрандамен (26) бекітіңіз.
Сору адаптеріне (25) диаметрі 35 мм сору шлангын
жалғауға болады.
Bosch Power Tools 1 609 92A 65R | (30.10.2020)

Содержание

Похожие устройства

Скачать