LG GA-B489ZLCA [13/32] Климаттық сыныбы

LG GA-B489ZLCA [13/32] Климаттық сыныбы
13
SN
N
T
ST
• Қажетті ауа айналымын қамтамасыз ету
үшін тоңазытқыш-мұздатқыштың
артында, екі жағы мен үстінен жеткілікті
орын қалдыру керек. 1-суретте
көрсетілгендей, құрылғының артқы
қабырғасының үстіңгі бұрыштарына
шектеуіш тіреулер орнатыңыз;
• Тоңазытқыш кіріктірілетін тоңазытқыш
емес. Мұздатқыштан жоғары, артында
жəне оның екі бүйір жағында ауа
айналуына жəне электр тұтыну көлемін
азайтуға арналған кем дегенде 5 см бос
орын блуға тиіс;
• Тоңазытқышты жылу көздеріне жақын
жерде жəне тура күн көзі түсетін немесе
ылғалдылық жоғары аумақта
орналастырмаңыз;
• Тоңазытқышты тұрғын жай болып
табылмайтын үй-жайларда орналасты-
руды ұсынамыз;
IСКЕ ҚОСУ
• Тоңазытқышты бүйір жағымен бөлменің
қабырғасына жанастырып орнатқан
кезде, сөрелер мен жəшіктерді суыру
мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін
есіктерді 90 градусқа бұрыштап ашу үшін
жеткілікті бос орын қалуын
қарастырыңыз;
• Тоңазытқыштың сыртқы жағындағы
дөңгелек жапсырмаларды алып
тастамаңыз. Олар технологиялық
саңылауларды жауып, безендіргіш рөл
атқарады;
• Дірілді болдырмас үшін, тоңазытқыштың
орнатылуын деңгей бойынша тексеріңіз.
Қажет болған жағдайда, еденнің
кедірбұдырының орнын толтыру үшін,
реттеуші бұрандаларды бұраңыз. Есік
жақсырақ жабылуы үшін, тоңазытқыш
сəл артқа шалқайтылған болуға тиіс.
Реттеуші бұрандаларды бұру үшін,
тоңазытқышты сəл еңкейтіңіз.
Тоңазытқыштың алдыңғы бөлігін сəл
көтеру үшін, реттеуші бұрандаларды
сағат тіліне қарсы ( ), ал түсіру үшін –
сағат тілінің бағытыме ( ) бұрыңыз;
• Пайдаланардың алдында,
тоңазытқышты мұқият жуыңыз;
• Тоңазытқыштың кейбір үлгілеріндегі
сөрелердің алдыңғы бөліктерінде
(металл түсті) түссіз қорғағыш үлдір
жапсырылған, пайдаланар алдында оны
алып тастаған дұрыс;
• Мұзға арналған сыйымдылық секілді
жəне басқа алмалы бөлшектерді тиісті
орындарына салыңыз;
• Қуат сымын (ашаны) розеткаға сұғыңыз.
Бұл розеткаға басқа электр аспаптарын
қоспаңыз.
Тоңазытқышты алғаш орнатқан кезде,
ішінде жұмыс температурасы орнау үшін,
оған 2-3 сағат жұмыс істеуге мүмкіндік
беріңіз де, тек содан кейін оны жаңа
немесе мұздаған өнімдерге толтырыңыз.
Тоңазытқышты желіден ажыратқаннан
кейін, оны қайтадан кем дегенде 5
минуттан соң қосу керек. Енді
тоңазытқыш-мұздатқыш жұмысқа дайын.
КЛИМАТТЫҚ СЫНЫБЫ
Құрылғы климаттық белдеуге
байланысты қоршаған ортаның
температураларының шектеулі
диапазонында жұмыс істеуге арналған.
Аспапты белгіленген шектерден асатын
температура жағдайында пайдалануға
тыйым салынады. Сіздің аспабыңыздың
климаттық сыныбы мұздатқыш бөлімнің
ішінде орналастырылған техникалық
сипаттамасы бар затбелгіде көрсетілген.
Сынып
Шартты
белгісі
Қоршаған орта
температураларының
ауқымы, °C
Орташа
ұлғайтылған
ауқым
Орташа
Субтропик
Тропик
+16 дан +38 -ке дейiн
+10 дан +32 -ке дейін
+16 дан +43 -ке дейiн
+16 дан +32 -ке дейiн
ОРНАТУ
ОРНАТУ

Содержание

Скачать