LG GA-B489ZLCA [24/32] Жалпы мəлімет

LG GA-B489ZLCA [24/32] Жалпы мəлімет
24
ТАЗАЛАУ
1. Тазалар алдында электр қорегінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз;
2. Тоңазытқыштың сырты мен ішін жылы
суға малынған таза шүберекпен немесе
сұйық жуғыш затпен жуу керек. Содан
кейін құрғақ шүберекпен құрғатып
сүртіңіз;
3. Жинап болғаннан кейін желілік
сымының бүлінбегеніне көз жеткізіңіз.
Содан кейін ашаны розеткаға мықтап
сұғыңыз.
Тоңазытқышты жуғаннан кейін оны құрғақ
сулықпен əбден құрғатып сүрту қажет.
Түрпілі заттарды, бензинді, бензолды,
еріткішті, хлоргидратты, ыстық суды,
қатты шөткені жəне т.с.с. пайдалануға
тыйым салынады, себебі бұл
тоңазытқыш-мұздатқыштың бұзылуына
əкелуі мүмкін.
ЭЛЕКТР ҚУАТЫНЫҢ АЖЫРАТЫЛУЫ:
Электр қуатының 1~2 сағаттық үзілісі
сақталатын азық-түлікке зиян келтірмейді.
Осы уақытта тоңазытқыштің есігін сирек
ашып-жабуға тырысыңыз.
КӨШІП-ҚОНҒАН КЕЗДЕ:
• Тоңазытқыштан барлық азық-түлік пен
басқа заттарды алып шығыңыз. Ішіндегі
алмалы бөліктерін (сөрелер, жəшіктер,
есіктегі науалар) мықтап бекітіңіз;
• Тоңазытқыштың реттелмелі аяқтарын
бүлдіріп алмас үшін, тасымалдау
алдында оларды сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап қойыңыз;
• Тоңазытқыштың кезінде машинаның
ішінде соғылуына немесе құлауына жол
бермеу үшін тоңазытқышты машинада
мықтап бекіту қажет;
• Тоңазытқыш жабық көлікпен, тігінен
тұрған қалыпта тасымалдау керек.
Тасымалдау кезінде зауыттан шыққан
қаптамасы бүлінбеген болуға тиіс;
• Тиеген жəне түсірген кезде
тоңазытқышты соғылудан сақтау керек.
ЖАЛПЫ МƏЛІМЕТ
АЛДЫМ ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ IШIНЕ АЛ:
Суық уақыты жылды мұздатқыш азырақ
12 уақыттар тасымалынен жене
құрылыстен кейің қосын жебереді жоқ.
САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Тоңазытқыш жұмыс істеп тұрғанда оны
орнынан қозғамаңыз жəне еңкейтпеңіз.
Компрессорда шуыл пайда болуы мүмкін.
Бұл ерекшелігі компрессордың жұмысына
əсерін тигізбейді.
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРΙ
Тоңазытқыштың құрамындағы
құрылғыларда температураның əсерінен
бөтен дыбыстар естілуі мүмкін. Осыған
тəн термореттегішпен компрессор
қосылғанда естілетін дыбыстар қалыпты
болып есептеледі, ол электро
құрылғылардың жұмысы кезінде пайда
болады. Компрессор жұмыс істемегеннің
өзінде, салқындату жұмысын реттейтін
хладагент аздап шымырлауы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай.
Тоңазытқыштың жұмысы кезінде мынан-
дай дыбыстар естілуі мүмкін:
- реле температура құрылғысының
сықыры;
- тоңазытқыш түтікшелерінде реттеуші
хлодогеннің шұрылдауы;
- температураның өзгерісінен
құрылғылардың сыңғырлауы. Бұл
дыбыстардың өз ерекшеліктері бар, жəне
олардың бұзылуға қатысы жоқ.
САҚ БОЛЫҢЫЗ!
КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Содержание

Скачать