Samsung SEK-1000 [25/29] Техникалық параметрлері

Samsung SEK-1000 [25/29] Техникалық параметрлері
Казақ
Казақ-9
Техникалық параметрлері
Үлгі атауы SEK-1000
Өлшемдері (Е x Б x Т) 127 x 91 x 16 мм
Салмағы 250 г
Сыйысымды үлгілер 2012-ші жылы шығарылған үлгілер: LED 7500, 8000, 9000 және ПБП 7000, 8000 сериялары
Жұмыс ортасының жағдайлары
Жұмыс температурасы
Орта ылғалдылығы
Сақтау температурасы
Сақтау ылғалдылығы
10°C бастап 40°C дейін (50°F бастап 104°F дейін)
10% - 80%, конденсатсыз
-20°C бастап 45°C дейін (-4°F бастап 113°F дейін)
5% - 95%, конденсатсыз
КЕПІЛДІК
Samsung компаниясының бұл өніміне, сатылып алынған күннен бастап ақауы бар бөлшектеріне не ақаулы жұмыс түріне
кестеде (кепілдік мерзімі кестесін ел арқылы тауып қараңыз) көрсетілген мерзім аяқталғанша кепілдік беріледі. Егер кепілдік
шартына саятын қызмет қажет болса, алдымен өнімді сатып алған дилерге қайтаруыңыз керек. Дегенмен, Samsung уәкілетті
қызмет көрсету орталықтары тек Кепілдік мерзімі аяқталмаған кепілдік шарттарын ғана орындайды. Толығырақ ақпаратты ең
жақын уәкілетті қызмет көрсету орталығынан алыңыз.
КЕПІЛДІК ШАРТЫ БОЙЫНША ШАҒЫМ ТҮСІРУ РӘСІМІ
Кепілдік шарты бойынша шағым түсіру үшін, Samsung уәкілетті қызмет көрсету орталығына Кепілдік мерзімі кезінде
хабарласып, өнімге қатысты туындаған мәселелерді талқылаңыз. Егер жөндеу немесе айырбастау жұмыстарын орындау
қажет болса, сізге Кепілдік шағымы нөмірі мен Уәкілетті қызмет көрсету орталығының мекенжайы беріледі.
Егер сізге өнімді жөндеу немесе айырбастау үшін Кепілдік шағымы нөмірі берілсе, өнімді Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
төмендегілерді қоса жіберуіңіз керек:
толтырылған кепілдік түбіртегінің көшірмесін, егер бұл құжат Samsung компаниясына әлдеқашан берілген болса, аты-
жөніңізді, мекенжайыңыз бен байланыс телефон нөміріңізді беріңіз;
өнімді жаңадан сатып алғанда берілген түпнұсқалық чек, инвойс немесе сатып алу парақшасы;
Кепілдік шағымы нөмірі.
Содан кейін Samsung өнімді жөндейді немесе ауыстырады да, берілген мекенжай бойынша өзіңізге қайтарады.
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ
1. Кепілдік тек жоғарыда аталып өткен кепілдік шағымын рәсімдеу шарттары орындалса ғана заңды күшке ие.
2. Samsung жауапкершілігі өнімді жөндеу, оны ауыстыру немесе оның ақаулығы бар бөлшегін айырбастаумен ғана шектеледі.
3. Кепілдік шарты бойынша жөндеулерді тек Samsung уәкілетті орталықтары ғана жүзеге асыруға тиіс. Samsung тарапынан
рұқсат алмаған қызмет көрсету орталықтары мен делдал ұйымдар жүзеге асырған жөндеу жұмыстары үшін ешбір
төлемақы қайтарылмайды, және бұндай жөндеу жұмыстары мен өнімге зақым келтірген жөндеу жұмыстары кепілдік
шартына кірмейді.
4. Егер бұл өнімді, аталмыш өнім арналған немесе жасақталған елден басқа елде қолдану үшін, сол елдегі заң күшіне ие
жалпы заңдар мен техникалық стандарттарға немесе қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келтіру қажет болса, бұндай
әрекет, өнім ақауы бар материалдан жасалған немесе оны жасау барысында жұмыс ақауы орын алған дегенді білдірмейді.
Бұндай өзгертулер де, олардың салдарлары да бұл кепілдікке кірмейді, және бұндай шығындардың құны төленбейді.
5. Бұл кепілдікке келесі себептерге байланысты бүлінген немесе ақаулыққа ұшыраған өнімдер жатпайды, атап айтқанда:
апат, теріс қолдану немесе теріс пайдалану;
өнім көрсетілген мақсаттан басқа мақсатта қолданылса;
Samsung өндірмеген немесе сатпаған бөлшектер қолданылса;
Samsung жазбаша рұқсатынсыз енгізілген өзгертулер;
транзит, ұқыпсыздық, қуат қарқыны кенет арту немесе төмен түсу салдарынан болған жағдайлар;
күн күркіреу, су, өрт немесе басқа да табиғи апаттардың салдарынан келген нұқсан;
қалыпты ескіру немесе желіну; не
таратылым тәсілдерінің немесе елдер арасындағы өнім стандарттарының әр түрлі болуы салдарынан болған
жағдайлар.
6. Бұл кепілдік өнімнің кепілдік мерзімі аяқталмай тұрып, оған заңды түрде иелік ету үшін сатып алған, кез келген сатып
алушы үшін жарайды.
7. ЕГЕР ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМА ШЕКТЕУ САЛМАСА НЕМЕСЕ ҚАРАСТЫРМАСА, ОСЫ КЕПІЛДІКТЕГІ ЕШБІР ШАРТ, SAMSUNG
КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДӘЛЕЛДЕНГЕН ҰҚЫПСЫЗДЫҒЫ САЛДАРЫНАН АДАМ ҚАЙТЫС БОЛСА НЕМЕСЕ ЖАРАҚАТТАНСА,
SAMSUNG КОМПАНИЯСЫН ЖАУПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТПАЙДЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ШЕКТЕМЕЙДІ.
8. ЗАҢ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ АЛЫНБАЙТЫН НЕМЕСЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛМАЙТЫН SAMSUNG ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІН
ЕСКЕРМЕГЕНДЕ, SAMSUNG МЫНА ЖАҒДАЙЛАР ҮШІН ЖАУАПТЫ ЕМЕС: ЕШБІР ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, БАЙҚАУСЫЗ, ҚАСАҚАНА
НЕМЕСЕ КҮТПЕГЕН НҰҚСАН НЕМЕСЕ ШЫҒЫНДАР; НЕМЕСЕ ОСЫ ӨНІМДІ САТУ НЕМЕСЕ САТЫП АЛУҒА ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ
ЖАНАМА ТҮРДЕ БАЙЛАНЫСЫ БАР КІРІСТЕН АЙЫРЫЛУ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІНЕН АЙЫРЫЛУ НЕ ДЕРЕКТЕРДІ
ЖОҒАЛТЫП АЛУ, РЕПУТАЦИЯДАН НЕМЕСЕ БИЗНЕСТЕН АЙЫРЫЛУ ТӘРІЗДІ SAMSUNG КОМПАНИЯСЫ ХАБАРДАР НЕМЕСЕ
ХАБАРДАР ЕМЕС ЖАҒДАЙЛАР, ШЫҒЫНДАР.
9. ЗАҢ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ АЛЫНБАЙТЫН НЕМЕСЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛМАЙТЫН SAMSUNG ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІН ЕСКЕРМЕГЕНДЕ,
SAMSUNG КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОСЫ КЕПІЛДІК АЯСЫНДА НЕМЕСЕ КЕПІЛДІККЕ САЙ ОРЫНДАЛАТЫН ШАРАЛАРЫНЫҢ ҚҰНЫ,
ОСЫ ӨНІМДІ ЖАҢАДАН САТЫП АЛҒАН КЕЗДЕ ТӨЛЕНГЕН АҚЫ МӨЛШЕРІНЕН АСПАУҒА ТИІС.
10. ЕГЕР ОСЫ КЕПІЛДІКТЕ КӨРСЕТІЛМЕСЕ, ЗАҢ ҚАУЛЫЛАРЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН БАРЛЫҚ ШАРТТАР, КЕПІЛДІКТЕР МЕН
ШАРТТАР ОРЫНДАЛАДЫ НЕМЕСЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАҒА САЙ ОЛАРҒА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛАДЫ.
11. Жоғарыда көрсетілген кепілдік шарттары, сіздің сатып алушы ретіндегі заңды құқықтарыңызға нұқсан келтірмейді.
[SEK-1000]BN68-05223C-00L04.indb 9 2013-05-08  10:20:38

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения