Nissei DS-500 [19/24] Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі тіркеу нөмірі рк мт 7 009828 07 5 012

18
гипертония диагностикасы мен емдеуді тек дипломы бар дəрігер ғана дəрігердің
өзі алған күре тамырдың қан қысымы көрсеткіштері негізінде ғана жүзеге асырады.
Қолданылатын дəрі-дəрмектерді ішу мен дозасын өзгертуді тек емдеуші дəрігердің
жазып беруімен ғана істеу керек. Күре тамырдың қан қысымының көрсеткіштері дұрыс
болу үшін өлшеу кезінде тыныштық сақтау керек. Күре тамырдың қан қысымының
дəлдігі аспап көмк
ермесінің Сіз
дің білегіңізге сəйкестігіне байланысты. Көмкерме
тар да, керісінше кең де болмауға тиіс. Бұл аспап ересек адамның күре тамырының
қан қысымын өлшеуге арналған. Сондықтан баланың қан қысымын өлшегіңіз келсе,
дəрігермен ақылдасыңыз. Қайталап өлшеу қажет болса, есіңізде болсын, қолдағы қан
айналымы бастапқы қалпына келуі керек. Сондықтан қайта өлшеуді те
к 2-3
минут-
тан кейін ғана жүргізу керек. Алайда, ашық атеросклерозбен ауыратын адамдардың
тамырлары қатқылданып кететіндіктен өлшеулер арасындағы уақыт көбірек болуы
керек (10-15 минут). Мұның ұзақ уақыт қант диабетімен ауыратын адамдарға да
қатысы бар. Күре тамырдың қан қысымын неғұрлым дəлірек анықтау үшін қатар-қатар
3 өлшеу сериясын өткізіп, соның орта нəтижесін есепке алған жөн.
Күту, сақтау, жөндеу жəне өтелге шығару: Бұл аспапты жоғары ылғалдылықтан,
күн сəулесінің тікелей түсуінен сақтау керек. Аспапты жылытқыш аспаптар мен
ашық отқа тым жақын жерде пайдаланбаңыз жəне сақтамаңыз. Аспапты кірлетпей
ұстаңыз. Аспаптың уытты ерітінділерге жанасуына жол бермеңіз. Көмкермені жууға
болмайды. Көмкермені жəне резеңке түтікшелерді өткір бұйымдардан аулақ ұстаңыз.
Қажет болғанда оны те
к мамандандырылған ұйымдар
да ғана жөндетіңіз. Белгіленген
қызмет мерзімі аяқталарда аспаптың техникалық жағдайын тексерту, егер қажет
болса оны Сіздің өңірде қолданыстағы ережелерге сəйкес өтелге шығаруды жүзеге
асыру үшін аспапты ауық-ауық мамандарға (мамандандырылған жөндеу ұйымдары)
көрсетіп тұру қажет. Аспаптың қызмет мерзімі 6 жыл. Көмкерменің қызмет мерзімі
2 жыл. Шығарылған жылы аспаптың қорек элементтеріне арналған бөлігінде
орналасқан сериялы нөмір
де SN
əріптерінен кейін көрсетілген.
Кепілдемелік міндеттемелер: Бұл аспапқа сатылған күннен бастап 60 ай
кепілдемелік мерзім белгіленген. Көмкермеге белгіленген кепілдемелік мерзім
12 айды құрайды. Кепілдемелік міндеттемелер аспап тұтынушыға сатылған сəтте
кепілдемелік талонмен ресімделеді. Кепілдемелік қызмет көрсету ұйымдарының
мекен-жайлары кепілдемелік талонда көрсетілген.
Сертификаттау жəне мемлекеттік тіркеу туралы мəліметтер:
Аспаптарды өндіру
ISO 9001, ISO 13485, ISO 14001:2004 стандарттары бойынша сертификатталған.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі - тіркеу нөмірі РК-МТ-
7009828, 07.05.2012.
Өндіруші жəне экспортшы туралы мəліметтер: Өндіруші: Нихон Сеймитсу Сокки
Ко., Лтд.
Өндірушінің мекен-жайы: 2508-13 Накаго Шибукава Гунма 377-0293 Жапония.
Экспортшы: ЛИТТЛ ДОКТОР ИНТЕРНЕШНЛ (С) ПТИ. ЛТД.
Экспортшының мекен-жайы: 35 Сележ Роуд 09-05 Парклайн Шопинг Центр,
Сингапур 188307
Талап-тілектеріңізді ресми импортшының мына мекен-жайына жолдаңыздар:
Қазақстан: 070010, Өскемен қ., Карбышев к., 24, “КазмедимпортЖШС.
Тел.: 7232-55-89-97. WWW.NISSEI.RU

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения