Nissei WT-20 [36/44] Қазақстан тұтынушыларына арналған ақпарат

Nissei WT-20 [36/44] Қазақстан тұтынушыларына арналған ақпарат
- 35 -
ҚАЗАҚСТАН ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
МАЙЛЫ ТКАНЬДАР ПАЙЫЗЫН ӨЛШЕУ ФУНКЦИЯСЫ БАР КҮРЕ ТАМЫРДЫҢ ҚАН ҚЫСЫМЫН ЖƏНЕ ТАМЫРДЫҢ
СОҒУЫН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН WТ-20 ҮЛГІСІНДЕГІ ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ САНДЫҚ АСПАП.
АРНАЛУЫ
WT-20 аспабы, көмкермесі білекке оралатын, жасы 15-тен асқан жəне одан да ересек жастағы адамдардың күре
тамырының систоликалық жəне диастоликалық қан қысымын өлшеуге жəне тамырының соғуын анықтауға арналған.
Аспап күре тамырының қан қысымы ойнақы (тұрақсыз) немесе белгілі күре тамыр гипертензиясы бар адамдар үй
жағдайында медициналық бақылауға қосымша құрал ретінде пайдалану үшін ұсынылып отыр. Көмкерме шеңбер
ұзындығы 12,5 см-ден 20,5 см-ге дейінгі білекке дəл келеді. Қан қысымы 40 мм-ден 250 мм-ге дейінгі сынап бағанасы
диапазонында, ал тамырдың соғу жиілігі минутына 40-тан 160 бүлкілге дейінгі диапазонда өлшенеді. Аспаптың
ағзадағы май құрамының к
оэффициентін анықтайтын функциясы, сондай-ақ əрқайсысының орташа мəнді есептеп
шығаратын функциясы бар өлшеулердің 10 нəтижесіне арналған төрт жад блогы бар.
ҰСЫНЫСТАР:
1. Дұрыс өлшеу үшін КҮРЕ ТАМЫРДЫҢ ҚАН ҚАСЫМЫНЫҢ ТІПТІ ҚЫСҚА УАҚЫТ АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕ ЖЫЛДАМ АУЫТҚЫП
КЕТЕТІНІН
білген дұрыс. Күре тамырдың қан қысымының деңгейі көптеген факторларға тəуелді. Əдетте ол жазда
төмен, ал қыста жоғары болады. Күре тамырдың қан қысымы атмосфералық қысыммен бірге өзгеріп отырады,
физикалық жайттарға да, көңіл-күйге де, ашуланулар мен тамақтану тəртібіне де байланысты. Қабылдаған дəрі-
дəрмектер, алкогольді ішімдіктер мен темекі тартудың əсері үлкен. Кейбір адамдардың қан қысымын емханада
өлшеудің өзінен көрсеткіштер жоғарылайды. Сондықтан күре тамырдың қан қысымын үй жағдайында өлшеу мен
емханада өлшеудің арасында айырмашылық бар. Күре тамырдың қан қысымы төмен температурада жоғарылайтын
болғандықтан, өлшеулерді бөлме температурасында (200 С) жүргізіңіз.
2. Жүрек-қан тамырлары сырқаттары жəне күре тамырдың қан қысымының мониторингі алынуға тиіс басқа да
сырқаттар кезінде өлшеулерді өз дəрігеріңіз белгілеген сағаттарда ғана жүргізіңіз. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН, ГИПЕРТОНИЯНЫҢ
ДИАГНОСТИКАСЫН ЖƏНЕ ЕМДЕУДІ КҮРЕ ТАМЫРДЫҢ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ ӨЗІ АЛҒАН КӨРСЕТКІШТЕРІ НЕГІЗІНДЕ
ТЕК ДƏРІГЕР ҒАНА ЖҮРГІЗЕДІ. ДƏРІ-ДƏРМЕКТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ МӨЛШЕРІН ӨЗГЕРТУ ТЕК ЕМДЕУШІ
ДƏРІГЕРДІҢ ЖАЗЫП БЕРУІМЕН ҒАНА ІСТЕЛЕДІ.
3. Қан тамырларының асқынған склерозы, əлсіз тамыр соғу толқыны, сондай-ақ келуші адамда жүректің жиырылу
ырғағы айтарлықтай бұзылған болса, күре тамырдың қан қысымын өлшеу қиын болуы мүмкін. МҰНДАЙ ЖАҒДАЙДА
ЭЛЕКТРОНДЫ АСПАПТЫ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕ ДƏРІГЕРМЕН АҚЫЛДАСҚАН ДҰРЫС.

Содержание

Скачать