Nissei WT-20 Инструкция по эксплуатации онлайн [37/44] 86345

- 36 -
4. Күре тамырдың қан қысымын өлшеудің дəлдігі көмкерменің Сіздің білегіңіздің көлемімен сəйкес келуіне де
байланысты. КӨМКЕРМЕ ТАР НЕМЕСЕ КЕРІСІНШЕ КЕҢ БОЛМАУҒА ТИІС.
5. Күре тамырдың қан қысымының алынған нəтижелері өлшеудің білектің төменгі немесе жоғарғы жағынан
алынғанына қарай əртүрлі болуы мүмкін. Себебі, қан жүретін тамырлардың қалыңдығы əр жерде əртүрлі. Əдетте
ондай айырмашылықтар денсаулығы жақсы адамдарда 10 мм сынап бағанасынан аспайды.
6. Қайталама өлшеулер 5 минуттан кейін, яғни қан айналымы қалпына келген соң жүргізіледі. Алайда, асқынған
атеросклерозбен ауыратын адамдардың тамырлары қатайып кететіндіктен өлшеулер арасындағы уақыт көбірек
болуы керек (10-15 минут). Мұның ұзақ уақыт қант диабетімен ауыратын адамдарға да қатысы бар. Күре тамырдың
қан қысымын неғұрлым дəлірек анықтау үшін қатар-қатар 3 өлшеу сериясын өткізіп, соның орта нəтижесін есепке
алған жөн.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
НАЗАРДА ҰСТАҢЫЗ!
Төменде аталған адамдардың аспапты пайдаланар алдында дəрігермен ақылдасып алғаны жөн:
Білегінде қалыпты қан айналымына кедергі
келтірерлік кемшін-міндері бар адамдар.
Қан айналымының перифериялық жүйесі бұзылған (қант диабеті, цирроз, атеросклероз, гипертония жəне т.б.)
адамдар. Күре тамырдың қан қысымын өлшеген кездегі көрсеткіштер əртүрлі болуы мүмкін.
Электрмагнитті сəуле шашатын құрылғылар мен коррекциялық медицина аппараттарына (кардиостимуляторлар
жəне т.б.) сезімтал адамдар.
Тромбоциттердің пайда болуын болдырмау үшін қанды сұйылтатын дəрі-дəрмектер қабылдаған кезде диализ
əдісімен емделуші жəне стероидтармен емделу курсынан өтуші адамдар. Бұл іштен қан кетуге апарып соғуы
ықтимал.
ТИЫМ САЛЫНАДЫ:
Аспап білек тұсында қан айналымы нашар жəне асқынған аритмиясы бар адамдардың күре тамырының қан қысымын
өлшеуге арналмаған.
Жүкті əйелдерге жəне жүктілікке күдікті əйелдерге майөлшеу функциясын пайдалануға болмайды.
Құрылғыны медициналық мекемелердегі анестезияға арналған газы бар жабдықтарға жақын жерде, сондай-ақ
басқа да тұтанғыш газдар жанында пайдалануға. Бұл жанып кетуге апарып соғуы ықтимал.
Құрылғыны емдеу мекемелеріндегі оттекті барокамераларда жəне оттекті палаткаларда пайдалануға болмайды.
Бұл жанып кетуге апарып соғуы ықтимал.
Құрылғыны жуынатын бөлмеде жəне басқа да ылғалдылығы жоғары жерлерде пайдалануға.

Содержание

Скачать