Nissei WT-20 Инструкция по эксплуатации онлайн [38/44] 86345

- 37 -
Білегінде толық жазыла қоймаған жарақаттары бар адамдарға пайдалануға болмайды.
Тамырыңызға дəрі тамшылатып жатқанда немесе тамырыңыздан қан алып жатқанда пайдаланбаңыз. Ол
жарақаттануға жəне оқыс жағдайларға апарып соғуы ықтимал.
Құрылғыны осы басшылық құжатта жазылғандағыдан басқа мақсаттарға пайдалануға болмайды. Ол құрылғының
істен шығуына жəне оқыс жағдайға апарып соғуы ықтимал.
КҮТУ, САҚТАУ, ЖӨНДЕУ ЖƏНЕ ӨТЕЛГЕ ШЫҒАРУ
1. Бұл аспапты жоғары ылғалдылықтан, күн сəулесінің тікелей түсуінен, соғылудан, дірілден сақтау керек. АСПАП СУ
ӨТКІЗБЕЙТІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ!
2. Аспапты жылытқыш аспаптар мен ашық отқа тым жақын жерде сақтамаңыз жəне пайдаланбаңыз.
3. Егер аспап ұзақ уақыт пайдаланылмаса, қоректендіру элементтерін бөлек алып қойыңыз. Элементтер еріп кетсе
аспапты бүлдіруі мүмкін. ҚОРЕКТЕНДІРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛЫ ЖЕТПЕЙТІН ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ!
4. Аспапты кірлетпей ұстаңыз жəне оны шаңданудан сақтаңыз. Аспапты тазалау үшін құрғақ жұмсақ шүберекті
пайдалануға болады.
5. Аспап пен оның бөлшектерінің сумен, ерітінділермен, спиртпен, бензинмен жанасуына жол бермеңіз.
6. Көмкермені өткір заттардан сақтаңыз, сондай-ақ оны созғылауға тырыспаңыз.
7. Аспаптың қатты соғылуына жол бермеңіз жəне оны лақтырмаңыз.
8. Қажет болғанда оны тек мамандандырылған ұйымдарда ғана жөндетіңіз.
9. Белгіленген қызмет мерзімі бітерде аспаптың техникалық жағдайын тексерту үшін оны ауық-ауық мамандарға
(мамандандырылған жөндеу ұйымдары) көрсетіп тұру қажет.
10. Аспапты өтелге шығару үшін Сіздің өңірде қолданыстағы ережелерді басшылыққа алыңыз.Шығарушы аталған
аспапты өтелдеудің арнайы шарттарын белгілемеген.
11. Көмкерме көпреттік санитарлық тазалауға төзімді. Көмкерменің мата жабынының ішкі жағын (адамның қолымен
түйісетін жағы) 3%-дық сутек асқын тотығының ерітіндісіне шыланған мақта анжымен тазалауға болады. Ұзақ уақыт
пайдаланғанда көмкерменің мата жабынының түссізденуі ықтимал. Көмкермені жууға, сондай-ақ ыстық үтікпен
үтіктеуге болмайды.
СЕРТИФИКАТТАУ ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
Аспаптарды өндіру халықаралық ISO 9001, ISO 13485, ЕN 46001 стандарттары бойынша сертификатталған.
Тұтынушылардың шағымдары мен талап-тілектері ресми импортшының мына мекен-жайына жіберілсін:
Россия: 117218, Москва қ., а/ж 36, “Фирма К и КЖШҚ

Содержание

Скачать