AEG S98342CTX2 [7/48] Сөндіру

AEG S98342CTX2 [7/48] Сөндіру
G) Мұздатқыш температурасының
индикаторы
H) Мұздатқыш бөліктің индикаторы
I) Ескерту индикаторы
J) ChildLock функциясы
K) MinuteMinder функциясы
L) DYNAMICAIR function
3.2 Іске қосу
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. Бейнебет сөніп тұрса, құрылғының
ON/OFF түймешігін басыңыз.
Бірнеше секундтан кейін ескерту
құралы сигнал береді.
Температура индикаторлары
орнатылған әдепкі температураны
көрсетеді.
Ескерту құралын бастапқы қалпына
қайтару үшін "Жоғары температураны
ескерту" тарауын қараңыз.
Орнатылған басқа температураны
таңдау үшін "Температураны реттеу"
тарауын қараңыз.
Егер бейнебетте "dEMo" көрсетілсе,
"Не істерсіз, егер..." тарауын қараңыз.
3.3 Сөндіру
1. ON/OFF түймешігін бірнеше секунд
басыңыз.
Бейнебет сөнеді.
2. Ашаны розеткадан ағытыңыз.
3.4 Тоңазытқышты іске қосу
Тоңазытқышты іске қосу үшін,
тоңазытқыш температурасын реттеу
тетігін бассаңыз жеткілікті.
Тоңазытқышты іске қосудың басқа
жолдары:
1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
Тоңазытқыштың OFF индикаторы
жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз.
Тоңазытқыш OFF индикаторы сөнеді.
Орнатылған басқа
температураны таңдау
үшін "Температураны
реттеу" тарауын қараңыз.
3.5 Тоңазытқышты сөндіру
1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
Тоңазытқыш OFF индикаторы мен
тоңазытқыш бөліктің индикаторы
жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасы
индикаторында үзік сызықшалар
көрінеді.
2. OK түймешігін басып құптаңыз.
Тоңазытқыш OFF индикаторы
көрсетіледі.
3.6 Температураны реттеу
Тоңазытқыштың және мұздатқыштың
температурасын температура
түймешіктерін басып орнатыңыз.
Әдепкі температура:
тоңазытқыш үшін +5°C
мұздатқыш үшін -18°C
Температура индикаторлары
орнатылған температураны көрсетеді.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура
сақтаулы қалады.
Таңдалған температура 24
сағат ішінде орнайды.
3.7 Жоғары температураны
ескерту
Мұздатқыш камераның ішіндегі
температураның жоғарылағаны
(мысалы, электр қуаты өшкен кезде)
төмендегідей көрсетіледі:
ескерту және мұздатқыш
температура индикаторлары
жыпылықтайды;
дыбыстық сигнал естіледі.
Сигналды тоқтату үшін кез келген
түймешікті басыңыз.
Дыбыстық сигнал ажыратылады.
Мұздатқыш температурасының
индикаторы ең жоғары температураны
бірнеше секунд көрсетеді. Содан кейін
қайта орнатылған температураны
көрсетеді.
Ескерту индикаторы қалыпты жағдай
қалпына келгенше жыпылықтауын
жалғастырады.
ҚАЗАҚ 7

Содержание

Скачать