AEG S98342CTX2 [9/48] Holiday режимі

AEG S98342CTX2 [9/48] Holiday режимі
және функцияны біржола тоқтату үшін
OK түймешігін басыңыз.
Функцияны кез келген уақытта, кері
санақ орындалып тұрған кезде
функция қадамдарын индикатор
сөнгенше қайталау арқылы сөндіруге
болады.
3.12 Holiday режимі
Бұл функция ұзақ демалысқа кеткен
кезде жағымсыз иіс пайда болдырмай,
тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға
мүмкіндік береді.
Тоңазытқыштың бөлігін
Holiday режимін қоспай
тұрып босатыңыз.
1. Mode түймешігін Holiday белгісі
көрінгенше басыңыз.
Holiday белгісі жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасының
индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді.
2. OK түймешігін басып құптаңыз.
Holiday белгісі көрінеді.
Holiday режимін сөндіру үшін әрекетті
Holiday индикаторы сөнгенше
қайталаңыз.
3.13 ChildLock функциясы
Түймешіктерді кездейсоқ іске
қосылмау үшін бұғаттау үшін ChildLock
функциясын іске қосыңыз.
1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
ChildLock индикаторы жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз.
ChildLock индикаторы көрсетіледі.
ChildLock функциясын сөндіру үшін,
әрекетті ChildLock индикаторы
сөнгенше қайталаңыз.
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Электртоғына алғаш рет
қосу
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Ашаны розеткаға қосу
және құрылғыны алғаш рет
іске қосу алдында,
құрылғыны кем дегенде 4
сағат тігінен қойыңыз.
Сонда май компрессорға
қайтып келуге уақыт
жеткілікті болады. Әйтпесе,
компрессорға немесе
электроникалық
бөлшектерге зақым келуі
мүмкін.
4.2 Мұздатылған тағамды
сақтау
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз
уақыт пайдаланбай барып іске қосқан
кезде, тағамды камераға салмай
тұрып, құрылғыны кем дегенде 2 сағат
FROSTMATIC функциясына қойып іске
қосыңыз. Мұздатқыштың тартпалары
өзіңіз қалайтын, оралған тағамдарды
жылдам әрі жеңіл табуға мүмкіндік
береді. Көп мөлшердегі азық-түлікті
сақтау үшін ауаның алмасуын
жақсарту үшін орнында тұруға тиіс
астыңғы тартпадан басқа барлық
тартпаларды алып тастаңыз.
Сөрелердің барлығына есіктен 15 мм
шығып тұратын тағам салуға болады.
4.3 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Шамалы жаңа тағамды мұздату үшін
орнатылған параметрдің мәнін өзгерту
қажет емес.
Жаңа тағамды мұздату үшін
FROSTMATIC функциясын,
мұздатылатын тағамды мұздатыш
бөлікке қоярдың алдында, кем дегенде
24 сағат бұрын қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды
астыңғы бөлікке қойыңыз.
ҚАЗАҚ 9

Содержание

Скачать