Hansa FK 321.4 DF (DFX) [45/48] Есіктіңашылубағытынөзгерту

Hansa FK 321.4 DF (DFX) [45/48] Есіктіңашылубағытынөзгерту
45
КЕПІЛДІК
Кепілдік
Кепілдік міндеттемелер кепілдік картасына сәйкес орындалады.
Өндіруші бұйымды дұрыс қолданбаудың нәтижесінде келтірілген кез келген залалға жауап бермейді.
KK
ЕСІКТІҢАШЫЛУБАҒЫТЫНӨЗГЕРТУ
Тоңазыту/мұздату бөлімі есігін бөлшектеу
1. Құрал-жабдықтардың көмегімен ілгектің бітеуішін бекітетін бұранданы бұрап алыңыз және
ілгектен бітеуішті шешіп алыңыз. Байланыс сымын корпустың жоғарғы жағындағы саңылауға
салыңыз (20.1)
2. Құрал-жабдықтардың көмегімен жоғарғы ілгектің қақпағын бекітетін 4 бұранданы бұрап
алыңыз және қақпағын шешіңіз. Есіктен тығынды және есіктегі кішкентай бітеуішті суырып
алыңыз(20.2)
3. Есік тығынын және байланыс сымын есіктегі саңылауға кіргізіңіз, кейін бітеуішті салыңыз (20.3)
4. Корпустың жоғарғы саңылауынан бітеуішті шешу және корпустың байланыс сымын
саңылаудан суырып алу үшін, құрал-жабдықтардың көмегімен 2 бұранданы суретте
көрсетілгендей бұрап алыңыз. Есіктегі кішкентай бітеуішті, есік тығынын және байланыс
сымын суырып алыңыз (20.4)
5. Дөңгелек саңылауға есіктің тығынын және бітеуішін кіргізіңіз (20.5)
6. Тоңазыту бөлімінің есігін, оны шешу үшін, шамамен 500 мм-ге аздап жоғары көтеріңіз (20.6)
7. Құрал-жабдықтардың көмегімен орталық ілгектің бітеуішін бекітетін 3 бұранданы бұрап
алыңыз және орталық ілгекті шешіңіз (20.7)
8. Мұздату бөлімінің есігін, оны шешу үшін, шамамен 500 мм-ге аздап жоғары көтеріңіз (20.8)
9. Төменгі ілгектің астынан алдыңғы реттегіш аяқтарды суырып алыңыз; құрал-жабдықтардың
көмегімен төменгі ілгектің бекіткішінен 4 бұранданы бұрап алыңыз және төменгі ілгекті
бөлшектеңіз (20.9)
10. Есіктердің бөлшектелуі аяқталды (20.10)
Есікті іліп қойыңыз және аспап корпусының қарама-қарсы жағынан қажетті қалыпта төменгі ілгек
элементтерін бекітіңіз.
11. Суретте көрсетілгендей, құрал-жабдықтардың көмегімен есіктің тығынын суырып алыңыз және
қарама-қарсы жағынан қажетті орынға кіргізіңіз (20.11)
12. Суретте көрсетілгендей, құрал-жабдықтардың көмегімен тежегіш білігінен бұрандаларды
бұрап алыңыз, кейін есіктің қарама-қарсы жағынан оларды бекітіңіз (20.12)
13. Құрал-жабдықтардың көмегімен білікті және екі тежегішті төменгі ілгектен суырып алыңыз
және суретте көрсетілген күйде оларды орнатыңыз (20.13)
Тоңазыту және мұздату бөлімінің есіктерін қарама-қарсы жағынан бекітіңіз.
14. Суретте көрсетілгендей, алдыңғы реттегіш аяқты қолмен суырып алыңыз, корпустың қарама-
қарсы жағынан төменгі ілгекті орнатыңыз және құрал-жабдықтардың көмегімен бұрандаларды
бұраңыз (20.14)
15. Қысқарақ алдыңғы реттегіш аяқты төменгі ілгек жағынан кіргізіңіз және аяқтың көмегімен
тоңазытқыштың қалыпын реттеңіз (20.15)
16. Мұздату бөлімінің есігін іліп қойыңыз және орталық ілгекті 180O бұрыңыз, кейін оны корпустың
қарама-қарсы жағынан бекітіңіз; құрал-жабдықтардың көмегімен 3 бұранданы орталық ілгектің
бекіткішіне бұраңыз (20.16)
17. Тоғазыту бөлімінің есігін іліп қойыңыз және жоғарғы ілгекті корпустың қарама-қарсы жағынан
бекітіңіз; құрал-жабдықтардың көмегімен 4 бұранданы жоғарғы ілгектің бекіткішіне бұраңыз.
Есіктің байланыс сымын корпустың байланыс сымымен байланыстырыңыз, жоғағы ілгектің
қақпағын кіргізіңіз және оны бұранданың көмегімен бекітіңіз.
18. Саңылауды корпустың қарама-қарсы жағынан бітеуішпен жабыңыз және құрал-жабдықтардың
көмегімен оны бұрандамен бұраңыз (20.17)
19. Есікті ашу жағын ауыстыру аяқталды. Суретте есікті оң жаққа ашу көрсетілген (20.18)
20. Суретте есікті сол жаққа ашу көрсетілген (20.18)

Содержание

Скачать