Vitek VT-3414 W [17/24] Қазақша

Vitek VT-3414 W [17/24] Қазақша
17
ҚазаҚша
Назар аудараңыз! Балаларға полиэтилен
пакеттермен немесе қаптама үлдірімен ойнауға
рұқсат бермеңіз. Тұншығу қаупі бар!
8 жасқа дейінгі балаларға құрылғы жұмыс істеп
тұрған кезде мотор бөлімінің қорабын, желі сымын
немесе желі сымының айырын ұстауға рұқсат
етпеңіз.
1. 8 жасқа дейінгі балаларға құрылғыны ойыншық
ретінде пайдалануға рұқсат бермеңіз.
2. Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда жанында
8 жасқа дейінгі балалар немесе мүмкіндігі
шектеулі тұлғалар болған жағдайда ерекше
абай болыңыз.
3. Бұл құрылғы 8 жастан төменгі балалардың
пайдалануына арналмаған.
4. 8 жастан үлкен балалар және мүмкіншілігі
шектеулі жандар өздерінің қауіпсіздіктеріне
жауапты адамдардың қадағалауымен ғана
және оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану
туралы және оны дұрыс пайдаланбаған
жағдайда орын алуы мүмкін қауіпті жағдайлар
туралы тиісті және түсінікті нұсқаулар берілген
жағдайда құрылғыны пайдалана алады.
5. Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге тырыспаңыз.
Ақаулықтар пайда болғанда туындыгерлес
(өкілетті) қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
6. Бұзылуларға жол бермеу үшін құрылғыны тек
зауыттық орауда ғана тасымалдаңыз.
7. Электр тоғының соғу немесе өрттің шығу
қаупін болдырмас үшін құрылғының корпусын,
желілік шнурды немесе желілік шнур ашасын
суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа
батырмаңыз. Егер аспап суға құласа:
суға қолыңызды тигізбеңіз;
желілік шнур ашасын розеткадан дереу
суырыңыз, тек осыдан кейін құрылғыны судан
алып шығуға болады;
құрылғыны тексеру немесе жөндеу үшін
авторландырылған (өкілетті) қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыны 8 жасқа дейінгі балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ҮЙДЕ ҒАНА ҚОЛДАНУҒА
АРНАЛҒАН
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ
Құрылғыны төмен температурада
сақтағаннан кейін немесе тасымалдағаннан
кейін оны кемінде екі сағат бөлме
температурасында ұстау керек.
Құрылғыны пайдаланар алдында өнімдерге
тиетін ұштықтарды бейтарап жуғыш заты бар
жылы сумен жуыңыз да, оны әбден кептіріңіз.
Моторлық блокты (2), бұлғауыш бәсеңдеткішін
(8) және қақпақ-бәсеңдеткішті (7) жұмсақ, сәл
дымқыл матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып
сүртіңіз.
Назар аудараңыз!
Моторлық блокты (2), бұлғауыш
бәсеңдеткішін (8), бәсеңдеткіш-
қақпақты (7), желілік баудың айыртетігін
және желілік бауды суға немесе басқа
сұйықтықтарға матыруға тыйым
салынады.
Қондырмаларды және ыдыстарды ыдыс
жуатын машинаға салмаңыз.
Жұмыс ұзақтығы
Блендерлік жинақ жылдам және ұтымды
жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бірақ осы
кезде саптама-блендермен, көпірткішпен,
езбені дайындайтын сапатамамен үздіксіз,
немесе өнімдерді процессор тостағаны
ішінде ұсақтаған кезде жұмыс істеу ұзақтығы
20-30 секундтан артық болмауы керек.
Жұмыс кезеңдері арасында екі минуттан кем
емес үзілістер жасап отырыңыз.
ҚОНДЫРМА-БЛЕНДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
САҚТАНДЫРУ: Саптамаларды құрау және
орнату алдында желілік шнурдың ашасы
электр розеткаға сұғулы тұрмағанын
тексеріп алыңыз.
Саптама-блендерді (1) моторлы блокқа (2)
салыңыз да, оны сағат тіліне қарсы бағытта
түбіне дейін бұраңыз.
Желілік шнурдың ашасын электр розеткасына
сұғыңыз.
Қондырма-блендерді (1) ұсатқыңыз/араластыр-
ғыңыз келетін тағамы бар ыдысқа салыңыз.
Құрылғыны қосу үшін түймені (4) басып, ұстап
тұрыңыз.
Түймені (3) басып, ұстап тұрған кезде құрылғы
максималды айналымға қосылады. Берілген
жұмыс режимін сұйық және қатты тағамдарды
бірге өңдеу үшін пайдаланыңыз.
Ескерту:
Өнімдер құрылғыны қосқанға дейін ыдысқа
салынады. Өңделетін өнім көлемі өңдейтін
ыдыс сыйымдылығының 2/3 аспауы керек.
Ұсату/араластыру процесін бастау алдында,
жемістердің қабығын аршу, сүйектер сияқты
желінбейтін бөліктерді жою, жемістерді
үлкендігі 2х2 см текшелере турау ұсынылады.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
желілік шнурды электр розеткасынан
суырыңыз және саптама-блендерді (1) сағат
тілінің бағытында бұрап шешіп алыңыз.
Скачать