Vitek VT-3419 BK [13/24] Қазақша

Vitek VT-3419 BK [13/24] Қазақша
13
ҚазаҚша
БЛЕНДЕРЛIK ЖИНАҚ VT-3419 BK
Блендер жинағында ұсынылған блендер
бұлғауға, араластыруға, ұсақтауға, сондай-ақ
сұйық және қатты өнімдерді бірге өңдеуге
арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Алынбалы қондырма-блендер
2.
Моторлық блок
3.
«II» режимін қосу батырмасы
4.
«I» іске қосу батырмасы
5.
Чоппер бәсеңдеткіш қақпағы
6.
Чоппер тостағаны
7.
Ұсақтағыш пышақ
8.
Бұлғауыш қондырмасының бәсеңдеткіші
9.
Қондырма-бұлғауыш
10.
Өлшейтін стакан
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғану үшін қуат тізбегіне
30 мА-ден аспайтын номиналды жұмыс
істеу тоғы бар қорғаушы сөндіргіш
құрылғыны (ҚСҚ) орнатып қойған жөн.
ҚСҚ орнату үшін маман шақырыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны қолдану алдында осы пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз және оны
анықтамалық материал ретінде пайдалану
үшін сақтап қойыңыз. Құрылғыны осы
нұсқаулықта айтылғандай, тікелей міндеті
бойынша пайдаланыңыз. Аспапты дұрыс
пайдаланбау оның сынуына, пайдаланушыға
немесе оның мүлкіне зиян келтіруіне әкелуі
мүмкін.
Құрылғыны электр желісіне қосу алдында
құрылғыда көрсетілген кернеу сіздің
үйіңіздегі электр желісінің кернеуіне
сәйкес келетінін тексеріңіз.
Электр желісіне қосулы тұрған құрылғыны
қараусыз қалдыруға болмайды.
Қондырмаларды ауыстыру және
пайдаланып болғаннан кейін құрылғыны
электрлік желіден ажыратыңыз.
Құрылғыны пайдалануды бастау алдында,
қондырмалардың дұрыс орнатылғанына
және сенімді бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Моторлық блокты орнатылмаған
қондырмаларсыз электржелісіне
қоспаңыз.
Өңдеуге арналған қондырмалар мен
өнімдерді қолданбаса, құрылғыны қосуға
тыйым салынады.
Құрылғыны панажайлардан тыс
пайдаланбаңыз.
Чоппер тостағанғанемесе өлшейтін
стаканға ыстық өнімдерді салу алдында,
оларды суытыңыз.
Чоппер тостағаны мен өлшеуіш стақанды
микротолқынды пешке салуға тыйым
салынады.
Жеткзілім жинағына енетін қондырманы
ғана қолданыңыз.
Құрылғыны алғашқы қолдану алдында,
оның алынбалы қондырмаларын және
өнімдермен байланысқа түсетін сыйымды
ыдыстардың барлығын мұқият шайыңыз.
Чоппер тостағанын тұрақты бетке нық
орналастырыңыз.
Құрылғы қосылғанға дейін, чоппер
тостағанына өнімдерді салыңыз.
Чоппер тостағанын азық-түлікпен асыра
жүктемеңіз және құйылған сұйықтардың
деңгейін қадағалаңыз.
Чоппер ұсақтағыш-пышағының кесетін
жиегі мен блендер-қондырмалары тым
өткір және қауіп төндіруі мүмкін. Сол
қондырмаларды қолданғанда өте абай
болыңыз!
Чоппермен жұмыс істеу кезінде ұсақтағыш
пышақтың қиын айналуын байқасаңыз,
құрылғыны электрқоректендіруден
ажыратыңыз және пышақтың айналуына
кедергі келтіріп тұрған өнімді абайлап
алып тастаңыз.
Чоппер тостағанынан тағамдарды алуға
немесе сұйықтықтарды құйып алуға
тек ұсақтағыш-пышақ толық айналып
тоқтағаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
Құрылғының айналатын бөліктеріне
қол тигізбеңіз. Блендер-қондырмасы
пышағына немесе бұлғауыштың
айналатын бөлігіне шаштың түсуіне не
IM VT-3419_BK.indd 13 26.05.2017 14:33:33
Скачать