Zanussi GPZ 262 SS [6/52] Күту менен тазалау

Zanussi GPZ 262 SS [6/52] Күту менен тазалау
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ! Басқару панелінің
түймелерін, дисклерін немесе
тығыздағыштарын алмаңыз.
Құрылғының ішіне су кіріп кетіп,
зақым келтіруі мүмкін.
Құрылғының бетіндегі материалдың сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз
де, суығанша күтіңіз.
Қызмет көрсету алдында құрылғыны электр
желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз.
Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз.
СЕРВИС
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді
қолданыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
Сыртқы газ түтіктерін майыстырыңыз.
ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ОРНАТУ АЛДЫНДА
Пешті орнату алдында, техникалық сипаттама
тақтайшасынан келесі деректерді жазыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасы пештің
астыңғы жағында орналасқан.
Үлгі .......................................
Құрылғының нөмірі
(PNC) .........................
Сериялық нөмірі ...........................
ГАЗҒА ҚОСУ
ЕСКЕРТУ! Құрылғыны орнату,
жалғау мен жөндеу бойынша
төмендегі нұсқауларды
нормаларға және жергілікті заң
ережелеріне сәйкес білікті техник
қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес тұрақты
қосылым сымдарын немесе тот баспайтын
болатпен қапталған иілгіш түтікті таңдаңыз.
Егер иілгіш металл түтіктерді пайдаланатын
болcаңыз, олардың жылжымалы бөлшектерге
жанаспауын немесе қысылып қалмауын
қадағалаңыз. Сондай-ақ пешті тұмшапешке
абайлап орнатыңыз.
Құрылғының газбен жабдықтау
қысымының ұсынылған мәндерге
сәйкес екеніне көз жеткізіңіз.
Реттелетін қосылым бұрандалы G
1/2" сомынының көмегімен
ауқымды еңіске бекітіледі.
Бөлшектерді салмақ салмай
бұраңыз, қосылымды қажетті
бағытқа қарай баптап, барлығын
қатайтыңыз.
A B C
A. Сомыны бар сүмбінің ұшы
B. Тығырық Құрылғымен бірге жеткізілген
C. Бунақты келтеқұбыр Құрылғымен бірге
жеткізілген
Сұйылтылған газ
Сұйылтылған газ үшін резеңке түтік
ұстатқышты пайдаланыңыз. Әрқашан
6

Содержание

Скачать