Zanussi GPZ 262 SS [8/52] Электртоғына қосу

Zanussi GPZ 262 SS [8/52] Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ! Тетікті ең үлкен
қалпынан ең кіші қалпына дейін
жылдам бұраған кезде, жалынның
өшіп қалмайтынына көз жеткізіңіз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
атаулы кернеу мен электрмен жабдықтау
түрінің жергілікті кернеу мен қуатпен
жабдықтау мәндеріне сай келетініне көз
жеткізіңіз.
Құрылғы электр сымымен жабдықталған.
Оны техникалық ақпарат тақтайшасындағы
жүктемені көтере алатын дұрыс ашамен
жабдықтау керек. Ашаның сай келетін
розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Орнатып болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Құрылғыны ұзартқыш сыммен, адаптермен
немесе көп тармақты қосылым арқылы
қосқан кезде өрт шығу қаупі бар. Жерге
тұйықтау стандарттар мен ережелерге сай
іске асырылғанына көз жеткізіңіз.
Қуат сымын 90° C градустан асатын
температурамен қыздырмаңыз.
Көк бейтарап сымның "N" таңбасы
салынған ағытпаға жалғанғанына
көз жеткізіңіз. Қоңыр (немесе қара)
фаза сымын "L" таңбасы бар
ағытпаға жалғаңыз. Фаза сымын
үнемі қосып қойыңыз.
ҚОСЫЛЫМ СЫМЫ
Қосылым кабелін ауыстыру үшін тек арнайы
кабельді немесе соның баламасын
пайдаланыңыз. Кабельдің түрі: H03V2V2-F
T90.
Кабельдің көлденең қимасы кернеу мен
жұмыс температурасына сай келетініне көз
жеткізіңіз. Жерге тұйықтау үшін қолданылатын
сары / жасыл сым фазаның қоңыр (не қара)
сымынан шамамен 2 см ұзын болуы керек.
ҚҰРАСТЫРУ
1.
2.
3.
min.
55 mm
min.
650 mm
560 mm
2
0
+
480 mm
2
0
+
min.
100 mm
30 mm
4.
8

Содержание

Скачать