Electrolux EKG 951303 X [21/72] Каталитпен тазалау

Electrolux EKG 951303 X [21/72] Каталитпен тазалау
2
1
Сөре сырғытпаларын кері реттілікпен
салыңыз.
12.4 Каталитпен тазалау
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Каталитті қаптаманы
тұмшапеш бүріккішімен,
түрпілі тазалағыш
заттармен, сабын немесе
басқа жуғыш заттармен
тазаламаңыз. Бұл
каталитті қаптаманы
бүлдіруі мүмкін.
Каталитті қаптаманың
түсінің оңуы немесе
ондағы дақтар каталиттің
сипаттарына еш әсер
етпейді.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Тұмшапешті жоғары
температурамен тазалаған
кезде балаларды алыс
ұстаңыз. Тұмшапештің
беткі жағы өте ысып, күйіп
қалу қаупі пайда болады.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Каталитпен тазалау
кезінде тұмшапештің
шамын үнемі қосыңыз (бар
болса).
Каталитпен тазалау
функциясын қосу алдында
тұмшапештің барлық
керек-жарақтарын алыңыз.
Каталитті қаптамасы бар қабырғалар
өздігінен тазаланады. Бұндай қаптама
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
қабырғаға шашыраған майды сіңіріп
алады.
Өздігінен тазалау үдерісін жеңілдету
үшін бос тұрған құрылғыны мезгіл-
мезгіл қыздырыңыз.
1. Тұмшапештің табанын жылы су
мен жуғыш затты қолданып
тазалап, содан кейін кептіріңіз.
2. Тұмшапешті ең жоғары
температураға қойыңыз да, 1 сағат
іске қосыңыз.
3. Тұмшапешті 250 °C температураға
қойыңыз да, 1 сағат іске қосыңыз.
4. Құрылғы суыған кезде жұмсақ және
ылғалды шүберекпен тазалаңыз.
12.5 Тұмшапештің шыны
панельдерін алу және орнату
Ішкі шыны панельді алып тазалауға
болады. Шыны панельдердің саны әр
үлгіде әр түрлі.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Тазалау барысында
тұмшапештің есігін
шамалы ашық ұстаңыз.
Оны шегіне дейін ашқан
кезде кенет жабылып
қалып, қатты зақым
келтіруі мүмкін.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны шыны
панельсіз пайдаланбаңыз.
1. Есікті шамамен 30° градусқа
келгенше ашыңыз. Есікті шамалы
ашқан кезде жабылып қалмай
тұрады.
ҚАЗАҚ
21

Содержание

Похожие устройства

Скачать