Electrolux EKG 951303 X [29/72] Пеш үстінің инжекторларын ауыстыру

Electrolux EKG 951303 X [29/72] Пеш үстінің инжекторларын ауыстыру
14.12 Пеш үстінің
инжекторларын ауыстыру
Газ түрін ауыстырғанда
инжекторларды да ауыстырыңыз.
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3. Инжекторларды 7-ші кілтпен
ағытып алыңыз.
4. Инжекторлардың орнына
қолданылатын газ түріне сай
инжекторларды салыңыз.
5. Техникалық ақпарат тақтайшасын
(газбен жабдықтау құбырының
қасында) жаңа газ түріне сай
келетін тақтайшаға ауыстырыңыз.
Бұл тақтайшаны
құрылғымен бірге
жеткізілген қалтадан
таба аласыз.
Егер беріліп тұрған газдың қысымы
тұрақты болмаса немесе қажетті
қысымнан басқаша болса, газбен
жабдықтау құбырына тиісті қысым
реттегішті орнатыңыз.
14.13 Пештің оттығын ең кіші
деңгейге қою
1. Құрылғыны электр қуатынан
ажыратыңыз.
2. Пештің тетігін алыңыз. Егер
орағытпа бұранданы реттеу
мүмкіндігі жоқ болса, реттеу
әрекетін бастамай тұрып басқару
панелін ағытыңыз.
3. Жіңішке және жалпақ жүзді
бұранда бұрағышпен (A) орағытпа
бұранданы реттеңіз.
Орағытпа бұранданың орындары
(A) үлгіге байланысты.
A
Табиғи газдан сұйылтылған
газға ауыстыру
1. Орағытпа бұранданы шегіне дейін
қатайтыңыз.
2. Тетікті орнына қайта қойыңыз.
Сұйылтылған газды табиғи
газға ауыстыру
1. Орағытпа бұранданы шамамен бір
қадамға (A) ағытыңыз.
2. Тетікті орнына қайта қойыңыз.
3. Құрылғыны электр тоғына
қосыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Ашаны розеткаға
барлық бөлшектерді өз
орындарына қойып
болғаннан кейін ғана
сұғыңыз. Жарақат алу
қаупі бар.
4. Оттықты жағыңыз.
"Пештің үсті - Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
5. Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
6. Тетікті қайта алыңыз.
7. Орағытпа бұранданы жалын
кішірейіп, тұрақты шығып тұрғанша
баяу бұраңыз.
8. Тетікті орнына қайта қойыңыз.
9. Газ пешінің тетігін газ берілімінің
ең үлкен мәніне қойыңыз да,
тұмшапешті кем дегенде 10 минут
қыздырыңыз.
10. Тұмшапеш функцияларының
тетігін газ берілімінің ең үлкен
мәннен ең кішкене мәніне жылдам
бұраңыз.
Жалынды бақылаңыз. Тетікті газ
берілімінің ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына бұраған кезде, жалынның
ҚАЗАҚ
29

Содержание

Похожие устройства

Скачать