Electrolux EKK 954507 W (X) [28/80] Тартпаны алу

Electrolux EKK 954507 W (X) [28/80] Тартпаны алу
30°
2. Есік жақтаушасының (B) жоғарғы
жағын қос қолмен екі жағынан
ұстаңыз да, қапсырманың
тығыздағышын босату үшін ішке
басыңыз.
1
2
B
3. Есікті босату үшін оның
жақтаушасын алға қарай тартыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Шыны панельдерді
алған кезде
тұмшапештің есігі
жабылуға әрекет етеді.
4. Есіктің шыны панельдерінің үстіңгі
жағын ұстап тұрып, бір-бірден
жоғары қарай тартыңыз.
5. Шыны панельді сабын сумен
жуыңыз. Шыны панельді жақсылап
құрғатыңыз.
Тазалап болған соң шыны панельдер
мен тұмшапеш есігін орнатыңыз.
Жоғарыдағы қадамдарды кері ретпен
орындаңыз. Алдымен кішірек панельді,
содан кейін үлкен панельді орнатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Ішкі шыны панельдің
безендірілген беті есіктің
ішкі жағына қарап тұруға
тиіс.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Орнатып болғаннан кейін
шыны панельдің
безендірілген жақтауының
бетін ұстап көрген кезде,
қолға оның бұдыры
сезілмеуге тиіс.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Ішкі шыны панельдің өз
ұяшықтарына дұрыс
салынғанына көз жеткізіңіз.
12.4 Тартпаны алу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Тұтанғыш заттарды
(мысалы, тазалағыш
заттар, пластик қапшықтар,
тұмшапеш қолғабы, қағаз
немесе бүріккіштер, т.с.с.
сияқты) тартпаға салып
сақтамаңыз. Тұмшапешті
қолданған кезде суырма
қызып кетуі мүмкін. Өрт
шығу қаупі бар.
Тұмшапештің астындағы тартпаны
оңай тазалау үшін алуға болады.
1. Тартпаны тоқтағанша бері қарай
тартыңыз.
www.electrolux.com28

Содержание

Похожие устройства

Скачать