Electrolux EKK 954507 W (X) [34/80] Металл емес иілгіш түтіктер қосылымы

Electrolux EKK 954507 W (X) [34/80] Металл емес иілгіш түтіктер қосылымы
14.10 Металл емес иілгіш
түтіктер қосылымы
Егер қосылым қол оңай жететін жерде
тұрса, онда иілгіш түтікті қолданыңыз.
Иілгіш түтікті қапсырмалардың
көмегімен мықтап бекіту керек.
Орнату кезінде әрқашан түтік
ұстатқышты және тығыздағышты
қолданыңыз. Иілгіш түтікті мына
жағдайда қолдануға болады:
бөлме температурасынан ыстық
болмайтын, 30 °C-тан аспайтын
жағдайда,
ұзындығы 1500 мм-ден аспаса,
еш бөлігі жіңішкермесе,
майыспаса немесе қатайтылмаса,
өткір жиектерге немесе бұрыштарға
жанаспаса,
тұрған жерін оңай тексеруге
болады.
Иілгіш түтікті тексергенде, мына
жағдайларға көз жеткізіңіз:
екі ұшында және ұзына бойында
жарылған, кесілген жерлер, күйген
белгілері болмауын,
материалдың қатқылданбаған,
керісінше, серпімділігі дұрыс
болуын,
бекіткіш қапсырмаларын тот
баспағанын,
жарамдылық мерзімі өтіп
кетпегенін.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы
байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ,
ауыстыру керек.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Орнатып болғаннан кейін
әр түтік фиттингінің
тығыздағышынан ешнәрсе
ақпайтынын тексеріңіз.
Түтіктің тығыздалғанын
тексеру үшін отты емес,
сабынды ерітіндіні
қолданыңыз.
Газбен жабдықтау бағыттауышы
басқару панелінің артында
орналасқан.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Газды қосар алдында,
құрылғыны қуат көзінен
ажыратыңыз немесе
сақтандырғыш қораптағы
сақтандырғышты
сөндіріңіз.Газбен
жабдықтау желісінің негізгі
клапанын жабыңыз.
14.11 Құрылғыны газдың
басқа түрлеріне лайықтау
Құрылғыны газдың басқа
түріне сай лайықтау
жұмысын тек уәкілетті
маманға ғана тапсырыңыз.
Егер құрылғы табиғи газға
бапталған болса, дұрыс
инжекторларды
пайдаланып сұйылтылған
газға ауыстыруға болады.
Газдың тұтынылатын
мөлшерін қажетінше
лайықтауға болады.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Инжекторларды ауыстыру
алдында, газ тетіктерінің
"Off" қалпында тұрғанына
көз жеткізіңіз. Құрылғыны
электр желісінен
ажыратыңыз. Құрылғы
суығанша күтіңіз. Жарақат
алу қаупі бар.
Құрылғы әдепкі газ түріне
лайықтап бапталған.
Параметрді өзгерту үшін
әрқашан тығыздағышты
пайдаланыңыз.
www.electrolux.com34

Содержание

Похожие устройства

Скачать