Redmond RK-M171S SkyKettle [22/40] Сақтану шаралары

Redmond RK-M171S SkyKettle [22/40] Сақтану шаралары
22
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқи-
ят оқып шығыңыз да, оны анықтамалық ретінде сақтап
қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның қызметінің мерзімін
ұзартады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар
құралды қолдану кезінде туындауы мүмкін барлық жағдай-
ларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде қолда-
нушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын
және бұйымды пайдалану ережелерін сақтамаудан
туындаған зақымдар үшін жауап бермейді.
Бұл электр аспап пәтерлерде, қала сыртындағы
үйлерде, қонақ үй нөмірлерінде, тұрмыстық нөмір-
лерде, дүкендердің тұрмыстық бөлмелерде, офи-
стер мен өнеркәсіптік емес пайдаланудың кез
келген басқа осындай жағдайларда пайдаланыла
алады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген
мақсатсыз пайдалану бұйымды тиісті түрде пайда-
лану шарттарын бұзу болып саналады. Бұл жағдай-
да өндіруші ықтимал салдарлар үшін жауап бер-
мейді.
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның
кернеуі аспаптың номиналды кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз (бұйымның техникалық сипат-
тамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген ұзартқыш
қолданыңыз: параметрлердің сәйкессіздігі қысқа
тұйықталуға немесе кабельдің жануына әкеліп
соқтыруы мүмкін.
Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана
қосыңыз, бұл электр қауіпсіздігінің міндетті та-
лабы. Ұзартқышты қолдана отырып, оның жерлен-
дірілетініне көз жеткізіңіз.
Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны таза-
лаған немесе тасымалдаған кезде розеткіден
өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес, штепселінен
ұстап тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс кезінде аспап
қызады! Абай болыңыз! Аспап корпусына
жұмыс істеп тұрғанда қол тигізбеңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать