Redmond RK-M171S SkyKettle [25/40] I алғашқы қосар алдында

Redmond RK-M171S SkyKettle [25/40] I алғашқы қосар алдында
SkyKettle RK-M171S
25
KAZ
Төмен температураларда тасымалдаған соң немесе сақтаған
соң аспапты қосар алдында кем дегенде 2 сағат бөлме тем-
пературасында ұстау қажет.
Өндіруші пайдалана бастар алдында ықтимал бөгде иістерді
кетіру және аспапты дезинфекциялау үшін шәйнектегі суды
бірнеше рет қайнатуға кеңес береді.
I I. АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ
Жұмыс істеуге дайындық
1. Тұғырлы шәйнекті қатты тегіс құрғақ көлденең бетке ор-
натыңыз. Орнату барысында қайнағанда шығатын будың
тұсқағаздар, декоративті жабындылар, электрондық аспап-
тар мен жоғары ылғалдылық пен температудан зардап
шегуі мүмкін басқа да заттарға тимегенін қадағалаңыз.
2.
Электр сымын қажетті ұзындығы бойынша жазыңыз. Артық
бөлігін түпқойма астындағы қуысқа орналастырыңыз. Қа-
жеттілікке қарай керекті қуаты бар ұзартқышты қолда-
ныңыз (2,5 кВт кем емес).
3.
Тұғырдан шәйнекті алып тастаңыз. Шәйнекті ашу үшін оның
қақпағындағы иінтіректі жоғары тартыңыз.
4. Шәйнекке су құйыңыз. Шәйнектегі судың деңгейі қаптал-
дағы MIN және MAX белгісінің арасында болуы керек. Егер
шәйнекті MAX белгісінен жоғары толтырсаңыз, қайнаған
кезде қайнаған су шашырауы мүмкін. Егер су тым аз болса,
аспап алдын ала өшіп қалуы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап тек су қайнатуға арналған.
5. Шәйнек қақпағын сыртыл естілгенше жауып, оны тұғырға
орнатыңыз. Аспап дұрыс орнатылған жағдайда ғана жұмыс
істейтін болады.
Өндіруші осындай өзгерістер туралы қосымша хабарла-
мастан өз өнімін жетілдіру барысында оның дизайны, жинағы,
сонымен қатар бұйымның техникалық сипаттамаларына
өзгеріс енгізуге құқылы.
Шәйнек құрылымы (
A1
сурет, 3 бет)
1. Корпус
2. Шүмек және алынбалы қаққа қарсы сүзгі
3. Қақпақ
4. Қақпақты ашу басқышы
5. Жарықдиодты дисплей
6. Басқару панелі
7. Тұтқа
8. Су деңгейінің шкаласы
9. Табандағы электр сымды сақтауға арналған саңылау
10. Электр қоректендіру бауы
11. Температураның мәні индикаторы
12. Автоысыту функциясы жұмыс индикаторы
I. АЛҒАШҚЫ ҚОСАР АЛДЫНДА
Бұйымды орамынан шығарып, барлық орау материалдары мен
жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма көрсеткіш (бар
болса) және бұйымның сериялық нөмірі бар кестешені ор-
нында міндетті түрде сақтаңыз.
Аспап корпусын ылғал матамен сүртіңіз, содан кейін кептіріп
сүртіңіз. Алғаш пайдаланған кезде бөгде иістің пайда болуы
аспап ақауының салдары болып табылмайды.

Содержание

Похожие устройства

Скачать