Centek CT-8575 Smart [17/56] Болуы керек смартфонды теледидардың жанына қойып

Centek CT-8575 Smart [17/56] Болуы керек смартфонды теледидардың жанына қойып
17
Теледидар қашықтан
басқару пультімен
басқарылмайды
ҚБП қуат беру элементтеріне арналған бөлікті ашыңыз, қуат
беру элементтерін жаңаларына ауыстырыңыз.
ҚБП-нің сәуле шығарғышын теледидардың алдыңғы жағындағы
қашықтан басқару қабылдағышына (сенсорға) тікелей бағыт-
таңыз. ҚБП мен ҚБ қабылдағышы (сенсор) арасында кедергілер
(жиһаз бөлшектері және т.б.) болмауы тиіс. ҚБП мен ҚБ қабыл-
дағышы (сенсор) арасындағы қашықтық 5 метрден, ал ойдағы
перпендикулярдан ауытқу бұрышы 20 градустан аспауы тиіс
PC
-
HDMI режимінде кескін
жыпылықтайды немесе
жолақтар пайда болады
Компьютерді орнату дұрыс таңдалмаған. Компьютерді қауіпсіз
жүктеу режимінде монитордың дұрыс параметрлерін таңдаңыз
Экранда жеке жылжы-
майтын ұсақ нүктелер
(пиксельдер) байқалады
Теледидарда жоғары ажыратымдылықтағы сұйық кристалды
матрицақолданылады.Матрицаларды жасаудың заманауи тех-
нологиясы кескіннің жалпы қабылдауын нашарлатпайтын жеке
кішкентай қара немесе түрлі-түсті нүктелердің (пиксельдердің)
пайда болуына мүмкіндік береді. Барлық матрицалар өндіріс
жағдайында тексеріледі және өнімнің осы тобына арналған
стандарттардың талаптарына сәйкес келеді
USB-интерфейс жұмыс
жасамайды
USB картасын (сыртқы USB құрылғысын) теледидардың USB
интерфейсінен ажыратыңыз. Қосқыштарды ақырын жалғап,
қайтадан қосыңыз
Сыртқы USB-құрылғыдан
кейбір файлдарды
оқымайды
Теледидардың USB интерфейсі арқылы оқуға арналған файл
түрлері арнайы сипаттамаларға сәйкес келуі керек. Теледидар-
дың осы түрдегі файлдарды оқу мүмкіндігі бар екендігіне көз
жеткізіңіз («USB-тасымалдаушыдан медиафайлдарды қарау»
бөлімін қараңыз)
Теледидарды қараған
кезде немесе өшіргенде
жарықтар немесе гуілдеу
Температура мен ылғалдылықтың өзгеруі нәтижесінде пластиктің
жылумен қысылуы нәтижесінде болатын қарапайым құбылыс.
Теледидар электр тізбектерінің жұмыс ерекшеліктеріне байла-
нысты қатты емес гуілдеу, ызылдау, жай шуыл шығаруы мүмкін.
Бұл ақау болып есептелмейді
Басқару пәрмендерінің
баяу орындалуы
Басқару пәрменін дәл орындау үшін теледидар процессорына
оны өңдеу үшін біраз уақыт керек. Теледидардың тұрақты жұмыс
істеуі үшін әртүрлі басқару пәрмендерінің арасында жеткілікті
үзіліс жасаңыз.
Бұл теледидардың жұмысына әсер етпейді және ақау болып
есептелмейді
Интернеттегі онлайн-бейне
шегіне ойнап тұр (тежеліп
тұр)
Ойнатуды тоқтатыңыз, 2-3 минут күтіңіз, содан кейін көруді
жалғастырыңыз. Интернет провайдеріңізден тарифтік жоспар
дұрыс таңдалмаған шығар. Өндіруші ұсынған тарифтік жоспар
-
дың жылдамдығы кемінде 10 Мбит/с болуы керек. Үй роутеріне
қосылған қосымша сымсыз құрылғылар тезәрекеттілікті төмен-
детуі мүмкін.Роутердің параметрлері менбаптауларын тексеріңіз,
егер ақаулықтар болса, оны ауыстырыңыз
Орнатылған сыртқы
бағдарламалардың бірі
жұмыс істемейді (немесе
дыбыссыз жұмыс істейді
немесе басқа ескертулері
бар)
Мәселе бағдарламаның (қосымшаның) өзіне байланысты болуы
мүмкін. Оны кейінірек іске қосып көріңіз немесе оны құрған
компанияның қолдау қызметіне жүгініңіз.
Өндіруші сыртқы қосымшалардың жұмысына жауап бермейді
Сымсыз тінтуір жұмыс істе-
мейді (басқарылмайды)
Жаңа сымсыз тінтуірді орнатыңыз немесе оның ескі батареясын
ауыстырыңыз. Сымсыз тінтуір мен оның қабылдап-таратқышы
арасында (USB қосқыштардың, теледидардың біріне қосылған
жиынтықтан) сыртқы кедергілер жоқ және тікелей көріну
қамтамасыз етілгеніне көз жеткізіңіз. Қажет болса, сымсыз
тінтуірді ауыстырыңыз
Енгізілген мәзір жоқ,
басқару сәтсіз болып тұр
Теледидарды розеткадан ажыратыңыз, бір минут күтіңіз және
қайтадан қосыңыз. Баптауларды зауыттық баптауларға қайта
қалпына келтіріңіз («Баптауларды қалпына келтіру» бөлімін
қараңыз)
Қосымшаларды қалай пайдалану керек
Теледидардан бөгде қосымшаларды да қосуға болады: браузерлер, медиа-
плеерлер, онлайн-кинотеатрлар және басқалары. Олардың бір бөлігі алдын-а-
ла орнатылған, қалғанын теледидардағы қосымшалар дүкенінен орнатуға
болады.
Қосымшаны іске қосу үшін теледидардың басты экранында басыңыз, содан
кейін қажетті қосымшаны таңдаңыз. Егер ол бұрын орнатылған болса, оның
іске қосылуын күтіңіз. Ал егер қосымша әлі орнатылмаған болса, Орнатуды
басыңыз.
Кескінді смартфоннан немесе планшеттен тарату
Теледидардың басты экранында басыңыз да, Screen Mirroring қосымшасын
іске қосыңыз. Содан соң смартфон немесе планшеттен трансляция функция-
сын қосыңыз және қол жетімді құрылғылар тізімнен теледидарды таңдаңыз.
Экранды қосарлау туралы толығырақ өз смартфоныңыз немесе планшетіңіздің
құжаттамасынан оқыңыз.
Теледидарды қайта жүктеу немесе өшіру
Пульттегі немесе теледидар корпусындағы өшіру батырмасын басыңыз және
ұстап тұрыңыз. Экранда өшіру немесе қайта жүктеу пәрмендері шығады – қа-
жеттісін таңдаңыз.
5. АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Ақауларды жою
Егер теледидардың жұмысында ақаулықтар пайда болса, оны өшіріп, қайта
қосып көріңіз. Ақаулықтарды жою үшін төмендегі кестені де қолдануға бо-
лады. Егер ақаулық жойылмаса, көмек алу үшін техникалық мамандарға
жүгініңіз.
Проблема Шешім
Теледидар қосылмайды
(күту режимінің индикаторы
жанбайды)
Теледидардың электр қоректендіру кабелінің 220-240 В ~50/60
Гц айнымалы токқа дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Электр ро-
зеткасында қуат кернеуінің болуын тексеріңіз. Теледидардың
электр қоректендіру кабелін розеткадан ажыратыңыз және 2-3
минуттан кейін оны қайта қосыңыз. Қашықтан басқару пультінің
жұмысын тексеріңіз
Телевизиялық сигналды
қабылдау жоқ
Теледидар баптауларының дұрыстығын тексеріңіз. Басқа теле-
дидар арнасына келтіріңіз. Теледидар антеннасының кабелінің
дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Теледидар антеннасының дұрыс
жұмыс істемеуі немесе тарату станциясынан сигналдың уақыт-
ша болмауы мүмкін
Дыбыстық сүйемелдеу жоқ
Дыбыс қаттылығының реттелуін тексеріңіз.
Дыбыстың батырмамен өшірілмегенін тексеріңіз . Арна бапта-
уларындағы дыбыс жүйесінің дұрыс таңдалғанын тексеріңіз.
Дыбыс баптауларындағы орнатулардыңдұрыстығын тексеріңіз
Кескін түсінің дұрыс
берілуінің бұзылуы
Арна баптауларындағы түс жүйесінің дұрыс таңдалғанын
тексеріңіз. Кескін баптауларындағы орнатулардың дұрыс
таңдалғанын тексеріңіз. Тарату станциясынан сигнал әлсіз
немесе кедергімен болуы мүмкін, басқа арнаға ауысыңыз
Мен Яндекс аккаунттың
логинін немесе құпиясөзін
ұмытып қалдым
Яндекс.Паспорт Көмегіндегі ұсыныстарды пайдаланыңыз: yandex.
ru/support/passport/troubleshooting/
Интернетке қосылудағы
поблемалар
-
Провайдер жағында байланыс проблемалары жоқ екеніне
көз жеткізіңіз:
Смартфонда немесе компьютерде yandex.ru сайтын ашуға
тырысыңыз. Егер қол жетімділік болмаса, роутерді қайта
жүктеңіз. Егер бұл көмектеспесе, провайдерге жүгініңіз.
Өз смартфоныңыздың Wi-Fi арқылы теледидарды мобильді
интернетке қосыңыз. Егер теледидар мобильді интернет
арқылы қосылып, тұрақты жұмыс істесе, Wi-Fi бойынша
қосылу проблемалары провайдерден болуы мүмкін.
-
Теледидар жұмыс істеуі үшін Wi-Fi -ға қосылу тұрақты
болуы керек. Смартфонды теледидардың жанына қойып,
оның қандай байланыс деңгейін көрсететінін көріңіз. Егер
бөлімдер жартысынан аз болса, теледидарды роутерға жақы-
нырақ жылжытыңыз немесе оны кабель арқылы қосыңыз
(«Интернетке қайта қосылу» бөлімін қараңыз).
-
Теледидарды қайта жүктеңіз («Теледидарды қайта жүктеу
немесе өшіру» бөлімін қараңыз).
-
Интернетке қосуды қайта орнатыңыз («Интернетке қайта
қосылу» бөлімін қараңыз)
Яндекс.Плюс немесе
КиноПоискке жазылудағы
проблемалар
Егер сізде Яндекс.Плюс жазылымы болса - мына сайттағы ұсы-
ныстарды оқып біліңіз yandex.ru/support/plus/troubleshooting.
html. КиноПоиск HD-ге жазылу туралы мына жерден оқуға
болады yandex.ru/support/kinopoisk/subscription-kinopoisk.html
6. КҮТІМ
Мұқият және үнемі тазалау сіздің жаңа теледидарыңыздың өмірін ұзартып,
мүмкін болатын ақаулардан құтқарады. Кезкелген тазалауды бастамас бұрын
қуат көзінен өшіруді ұмытпаңыз және қуат сымын ажыратыңыз. Құрылғыны
тек құрғақ матамен сүртіңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать