Zanussi ZWY 61023 CI [12/40] Ақыл кеңес
![Zanussi ZWY 61023 CI [12/40] Ақыл кеңес](/views2/1995025/page12/bgc.png)
ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ
БОЛДЫРМАУ
1. Бағдарламаны біржола тоқтату және
құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін қалпына қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін бағдарлама
тетігін қайта бұраңыз. Енді жаңа жуу
бағдарламасын орнатуға болады.
Жаңа бағдарламаны бастау
алдында құрылғының суы төгіледі.
Бұл жағдайда, жуғыш зат
үлестіргіште жуғыш заттың әлі бар
екеніне көз жеткізіңіз, егер жоқ
болса қайтадан толтырыңыз.
ҚАҚПАҚТЫ АШУ
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау жұмыс
істеп тұрғанда, құрылғының қақпағы бекітулі
тұрады.
АБАЙЛАҢЫЗ Егер барабанның
ішіндегі судың температурасы мен
деңгейі өте жоғары болса,
қақпақты аша алмайсыз.
Қақпақты циклдың бастапқы 10 минутында
және кешіктіріп бастау функциясы жұмыс
істеп тұрғанда ашыңыз:
1. Құрылғыны кідірте тұру үшін Старт/Пауза
түймешігін басыңыз.
2. Қақпақты бірнеше минут күте тұрғаннан
кейін ашыңыз.
3. Қақпақты жауып, Старт/Пауза түймесін
қайта басыңыз. Бағдарлама (не кешіктіріп
бастау) жалғасады.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда
қақпақты ашу:
1. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін қалпына бұраңыз.
2. Бірнеше минут күте тұрыңыз да, содан
кейін құрылғының қақпағын ашыңыз.
3. Қақпақты жауып, бағдарламаны қайта
орнатыңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
• Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
• Старт/Пауза түймесінің индикаторы сөнеді.
• индикаторы жанады.
• Қақпақты ашуға болады.
• Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның бос
екеніне көз жеткізіңіз. Судың шүмегін
жабыңыз.
• Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама тетігін
қалпына бұраңыз.
• Зең және иіс пайда болмас үшін қақпақты
сәл ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
• Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-
мезгіл айналып тұрады.
• Старт/Пауза түймесінің индикаторы
жыпылықтайды. Қақпақ құлыпталып
тұрады.
• Қақпақты ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін:
1. "Суды төгу" не "Айналдыру"
бағдарламасын орнатыңыз. Қажет болса,
айналдыру жылдамдығын азайтыңыз.
2. Старт/Пауза түймесін басыңыз. Құрылғы
суды төгеді де, айналдыру кезеңін
орындайды.
3. Қақпақты бағдарлама аяқталғаннан кейін
бірнеше минут өткенде ашуға болады.
4. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін қалпына бұраңыз.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
КІР САЛУ
• Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,
синтетика, нәзік және жүн мата.
• Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын
орындаңыз.
• Ақ киім мен түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
• Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш жуғанда
бояуы шығуы мүмкін. Оларды алғаш
жуғанда бөлек жууға кеңес береміз.
• Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен
батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
• Қалталарды босатып, оралған заттарды
ашыңыз.
• Көп қабатты матадан, жүн матадан және
сурет салынған киімдердің астарын
сыртына аударыңыз.
• Қатып қалған дақтарды арнайы жуғыш
затпен тазалаңыз.
• Қатып қалған дақтары бар заттарды
барабанға салу алдында жуыңыз және
дағын алдын ала кетіріңіз.
12
Содержание
- Getting started easy 1
- Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі 2
- Қауіпсіздік ақпараты 2
- Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат 2
- Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды 3
- Ең көбі 6кг салмақтан асырмаңыз бағдарлама кестесі тарауын қараңыз 3
- Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында құрылғыны сөндіріп ашаны розеткадан суырыңыз 3
- Коммуналық пәтерлерде немесе кір жуатын жерлерде 3
- Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың жұмыс қысымы 0 5 бар 0 05 мпа және 8 бар 0 8 мпа аралығында болуы керек 3
- Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі жасамауға тиіс 3
- Қауіпсіздік нұсқаулары 3
- Қонақ үй мотель төсек және таңғы ас қонақжайлары мен басқа резиденциялық жерлерде 3
- Қуат cымына зақым келсе электр қатерінен сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс 3
- Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз жеміргіш заттарды түрпілі жөкені еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз 3
- Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік жинағын немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы берген басқа түтік жинағын қолданып қосу керек 3
- Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және немесе буды қолданбаңыз 3
- Басқару панелінің сипаттамасы 5
- Бұйым сипаттамасы 5
- Бағдарлама кестесі 6
- Индикатор шамдары 6
- Бағдарлама опцияларының үйлесімділігі 8
- Пайдалану көлемі 8
- Функциялар 9
- Ең алғаш пайдалану алдында 10
- Параметрлер 10
- Әркүндік қолдану 10
- Ақыл кеңес 12
- Күту менен тазалау 13
- Ақаулықты түзету 15
- Негізгі желіге байланысты мәселе 17
- Орнату 17
- Техникалық дерек 17
- Қоршаған ортаға қатысты жағдайлар 19
- Безопасность детей и лиц с ограниченными возможностями 20
- Сведения по технике безопасности 20
- Общие правила техники безопасности 21
- Не используйте для чистки прибора водоразбрызгиватели высокого давления или пар 22
- Протрите прибор влажной тряпкой используйте только нейтральные моющие средства не используйте абразивные средства абразивные губки растворители или металлические предметы 22
- Указания по безопасности 22
- Описание изделия 24
- Описание панели управления 24
- Индикаторы 25
- Таблица программ 25
- Показатели потребления 27
- Совместимость программных опций 27
- Режимы 28
- Ежедневное использование 29
- Параметры 29
- Перед первым использованием 29
- Полезные советы 32
- Уход и очистка 33
- Поиск и устранение неисправностей 34
- Технические данные 36
- Неисправность электросети 37
- Установка 37
- Охрана окружающей среды 39
Похожие устройства
- Yunmai SE M1680-WH Руководство по эксплуатации
- Xiaomi Mi Air Purifier Pro EU Руководство по эксплуатации
- WINIA AWX-70PTOCD Руководство по эксплуатации
- Yunmai premium M1301-BK Руководство по эксплуатации
- Xiaomi Mi Robot Vacuum SKV4022GL Руководство по эксплуатации
- Ballu BLC_CF-48HN1_17Y Руководство по эксплуатации
- Ballu BLC_CF-36HN1_17Y Руководство по эксплуатации
- Ballu BLC_CF-24HN1_17Y Руководство по эксплуатации
- Ballu BLC_CF-18HN1_17Y Руководство по эксплуатации
- Whirlpool FWD 91283 WS RU Руководство по эксплуатации
- Weber Master-Touch GBS E-5750 14701004 Руководство по эксплуатации
- Weber Q 1400 52020079 Руководство по эксплуатации
- Weber Compact Kettle 1221004 Руководство по эксплуатации
- Ves VMD-1 Руководство по эксплуатации
- Weber Spirit E-320 Original GBS 46613675 Руководство по эксплуатации
- Ves 1619 Руководство по эксплуатации
- Weber Pulse 1000 81010079 Руководство по эксплуатации
- Weber Go-Anywhere 1131004 Руководство по эксплуатации
- Ves G-120 Руководство по эксплуатации
- Soler&Palau HTB-150 RC Руководство по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения